Оқушыларға мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру жайлы мәліметтер беру

Скачать

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Приморье ауылы, Ю. А. Гагарин атындағы жалпы
орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Евниенов Нуржан Русланович

Информатика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Графикалық нысандар мен көркем жазуды кірістіру
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру жайлы мәліметтер беру. Құжатқа суреттер енгізу әдіс - тәсілдерін үйрету, көрсету.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамыту, танымдылыққа, ізденімпаздыққа баулу, шығармашылық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Құжаттарды безендіруге, әртүрлі суреттерді енгізу түрлерін білу қажет.
Б) Тәрбиелік: жылдамдыққа, сауаттылыққа, әр сабақта ҚЕ сақтауға, техникалық құралдарды сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой қозғау, өз бетімен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу, математика.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, суреттер, MS Office бағдарламасы.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу
Қауіпсіздік ережелерін қайталау

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
1. Мәтіндік редактор дегеніміз не? (MS Word)
2. Мәтіндік редакторға кестені қалай орнатамыз?
3. Бір мезгілде бірнеше баған немесе жол қосуға бола ма?
4. Кестеге бағандар мен жолдарды қандай тәсілдермен қосуға болады?
5. Бірнеше бағанның енін бір мезгілде өзгертуге бола ма?
6. Бірден бірнеше ұяшықтағы мәтінді түзеуге бола ма?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Графика — бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho – жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай - ақ заттардың ең негізгі белгілері таңдап алынады. Графика бейнелеу құралдарының қарапайымдылығымен әрі көп таралыммен басып шығаруға ыңғайлылығымен графика бұқаралық байланыс, ақпарат саласында (плакаттар, пошта маркалары, экслибристер, газет - журналдар), кітаптарды, әдеби шығармаларды безендіру үшін, әр түрлі тақырыпқа карикатура құру үшін қолданылады. Графиканың көп ғасырлық тарихы бар. Батыс Еуропаның Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рембрандт сынды суретшілері өздерінің графикалық туындылары арқылы әлемдік бейнелеу өнері қорын байытты. Қазақстандағы графикалық суреттердің ежелгі (палеолит дәуірі) үлгілеріне Балқаш, Түркістан, Маңғыстау, т. б. жерлерде жартастарға салынған суреттер жатады. Қазіргі заманғы қазақ бейнелеу өнеріндегі графика 1930 – 50 жылдары аралығында қалыптасты.

Енді біз бүгінгі сабақта мәтіндік құжатқа графикалық нысандар мен көркем жазуды енгізу жолдарын қарастырамыз.. Мәтіндік құжатта тек мәтін енгізіп қана емес оған әртүрлі суреттерді кірістіріп те, безендіру үшін фигуралық мәтін және көркем жазу енгізіп те жұмыс жасауға болады.
Графикалық кескіндерді немесе суреттерді дайын суреттер кітапханасынан қоюға немесе өздерің білетін графиктік редакторларда дайындап алып, оны мәтіндік құжаттарыңа кірістіруге де болады.

Дайын сурет қорынан сурет кірістіру жолдары:
Мәтіннің сурет кірістіретін жеріне курсорды орналастырасыңдар.
Орнату (Вставка) – Сурет (Рисунок)- қою (Вставить) бұйрығын орындайсыңдар.

Ал енді мәтіндік редакторге фигуралар орнату үшін келесі бұйрықтарды орындайсыңдар. Таспа жолынан Орнату (вставка)→Фигуралар (фигуры) → қажетті фигураны таңдасақ болғаны

Фигуралардың түрлері
Ал енді тағы бір мүмкіндігі көркем жазуды кірістіруді қарастырамыз.
Ол үшін мына бұйрықты орындаймыз: Орнату(вставка)→ WORDART

ІV. Практикалық жұмыс “Ең үздік құттықтау”
Бұнда оқушылар мәтіндік редактор арқылы графикалық нысандармен көркем жазу кірістіру арқылы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай “Аяулы ұстаздар” атты құттықтау дайындау.

V. Сергіту сәті
Оқушылар көзге пайдалы түрлі жаттығулар жасайды.
VI. Практикалық жұмыс “Кім көп біледі”
Бұнда оқушылар мәтіндік редакторға фигуралар орнатып оның аттарын жазады.
Үшбұрыш
Шеңбер

VII. Сабақты қорытындылау.
1. Графика дегеніміз не?
2. Графиканың түрлерін атаңыз?
3. Заманауи ақпараттық технологияда қандай графиканы қолданады?
4. Мәтіндік редакторде суретт3 қалай орнатамыз?
5. Мәтіндік редакторде фигураларды қалай орнатамыз?
6. Мәтіндік редакторде көркем жазуды қалай кірістіреміз?

VIII. Үйге тапсырма
“Аяулы менің Анашым” тақырыбында құттықтау жазу.
IX. Бағалау.


Скачать


zharar.kz