Балабақша тәрбиешісі Гульмира ЕспусиноваБүлдіршіндерді балалар көркем әдебиет әлеміне баулуЭССЕӘрбір саналы жан бақыт дегенді жүрек қалауымен өмір сүру, қызмет ету, өзгеге қуаныш сыйлау деп түсінетін болар

Скачать

Балабақша тәрбиешісі Гульмира Еспусинова

Бүлдіршіндерді балалар көркем әдебиет әлеміне баулу
ЭССЕ
Әрбір саналы жан бақыт дегенді жүрек қалауымен өмір сүру, қызмет ету, өзгеге қуаныш сыйлау деп түсінетін болар. Мен үшін балалармен жұмыс жасау, олардың қуанышы мен күлкісінен нәр алу бақыт. Балалардың жәудіреген жанарларынан тазалық пен пәктікті, күлкілерінен риясыз тазалықты, қылықтарынан табиғи сүйкімділікті көремін. Көремін де сүйсінемін, сүйсінген соң жаным ләззат табады. Баланы жақсы көрмей тұрып, онымен жұмыс істей алмайсың. Бала үшін әр күн – жаңалық бастауы. Ол тіпті әр сағат, әр сәт сайын өзіне жаңалық ашып жатады. Шыққан күн, жауған жауын, соққан жел – ол үшін жұмбақ әлем құбылыстары. Қолына кітап алып парақтау, қалам ұстап, жазып үйрену сәби үшін үлкен жұмыс.

Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі азамат. Балаларды адамгершілікке, имандылыққа баулу, әдеп – ізетке, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке үйрету секілді сипаттар кеңінен көрініс табуы керек. Сол кезде өмірге қадам басқан әр баланың ой - өрісінің шыңы – көркем әдебиет болмақ.
В. Г. Белинский баланың ой - сезімін дамыту үшін ертегінің маңызы жөнінде былай дейді: Баланың ең алғашқы естіген ертегілері жақсы мен жаман туралы, әділдік пен әділетсіздік туралы, дөрекілік пен нәзіктік туралы, ар – ождан, ұят туралы түсінік береді, баланы қатты толқытады. Бұл толқу оның мінез-құлқына, психикасына әсер етіп, еңбекке, адамдарға деген ізгі ниетін қалыптастыруға жол ашады

Сөйтіп, көркем шығармалардың әсерімен балалардың бойында адамгершілік мінез – құлық, еңбек адамына деген сый – құрмет, еңбекке деген дұрыс көзқарас пайда болып, біртіндеп дами береді. Балаларды жастайынан әдеби шығармаларды қабылдауға үйрету рухани, эстетикалық нәр беріп қана қоймай, олардың кітапқа деген құмарлығын да арттырады.


Скачать


zharar.kz