Балаларды тыныс алу мүшелерімен таныстыру

Скачать

Мақсаты: Балаларды тыныс алу мүшелерімен таныстыру. Адам ағзасына ауаның өте жолын көрсету. Мұрынның ағзаны сақтаудағы маңызына түсінік беру. Өткен сабақтарды естеріне түсіріп, қорыту.
Көрнекіліктер: Суреттер, жеміс – көкөністер, қапшық.
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру. Сабақ барысы:
I бөлім - Жарыс
- Валеология дегеніміз не?
- Күніне неше рет тамақтанамыз?
- С дәрумені кездесетін жемістер мен көкөністерді ата.
- Д дәрумені кездесетін тағамдар.
- Адамның ішкі құрлысын ата.
- Күніне неше рет тіс тазалау керек?
- Ұлдар мен қыздар айырмашылығы?
- Ұлдар мен қыздардың өскенде, кімге айналатынын атап шығу.
- Жаңа туған сәби баланың неше айдан бастап тісі шығады?
- Ол тістерді қалай атаймыз?
- Сүт тістер неше жасқа толғанда түсе бастайды?
- Түскен сүт тістің орнына қандай тістер шығады?
- Үлкен адамдарда неше тіс болу керек?
Дидактикалық ойын: Адамның денесін құрастыр. Схема бойынша орнын тап.
Сергіту сәт: Бағдаршам.
II бөлім – Жаңа тақырып - Мұрын және тыныс алу мүшелері.
Түсі бар көрінбейтін,
Біртұтас бөлінбейтін.
Тынысы ол тіршіліктің,
Ешқашан жерінбейтін. (Ауа)
Ауасыз ешқандай жанды зат, өсімдік өмір сүре алмайды. Адам ұдайы ауамен демалады(үйде, мектепте, ұйықтап жатқанда)№ тек адам ғана емес, жануарлар да, құстар да, өсімдіктер де, ауамен демалады.
Ауамен мұрын арқылы өтеді. Педагог балаларға мұрындарын, ауыздарын жауып, демалуды ұсынады. Қандай күйге түсесің? Адам мұрынмен демалып қана қоймайды, иіс те сезеді. Мұрын – иіс сезу мүшесі. Педагог балаларға көзін жұмып, жемісті иісін иіскеу арқылы табуға тапсырма береді.
Дидактикалық ойын: Иісінен айыр .
Мұрын ағзаны микробтар мен бактериялар түсуден сақтайды. Сондықтан мұрын арқылы демалу керек. Адам демалған кезде шаң мен микробтар мұрындағы шаш талшықтарына жабысып, заласызданады. Егер адам ауызбен демалса, ауа өкпеге тазармай түсіп, кісіні ауруға шалдықтырады.
Мұрынды шынықтыруға болады. Ол үшін күніне екі рет тұзды сумен шаю керек (бөлме температурасындағы жарты стақан сүға – жарты шай қасық тұз). Мұрынға сарымсақ тұнбасын тамызуға болады (ұсақтап туралған сарымсаққа бір стақан су құйып, 1 – 2 сағат тұндырады).
Есіңе сақта!
Мұрынды саусақпен, үшкір затпен шұқуға болмайды.
Қатты сіңбіруге, мұрынды қатты тартуға болмайды, бұл – құлақ ауруын шалдықтыру мүмкін.
Түшкіргенде, жетелегенде міндетті түрде қол орамал пайдалан, ауа арқылы сау адамның өкпесіне микроб түсуі мүмкін.
Басқа адамның қол орамалын пайдаланба. Әр адамның жеке өзінің қол орамалы болуы қажет.

Егер суық тигенде уақытында емдемесең, асқынып, құлақ, өкпе, жүректің ауруы мүмкін. Ауырмас үшін шынығу қажет.
Тәжірибе:
Педагог балаларға жарғақ қапшық таратып беріп, алдымен оған ауа үрлеуді, содан кейін ауаны сорып алуды ұсынады.
- Сен ауаны жұтқан кезде, өкпенің қапшық секілді кеңейеді, ауаны шығарғанда, қалпына келеді.
Демалуға арналған жаттығулар: Шармен ойын Шарды кім тез үрлейді?
Қорытындылау:
Денің сау болып өсуі, үшін:
Өз ағзаңды шынықтыр.
Күнде ертеңгілік жаттығулар жаса.
Қыста, жазда спортпен шұғылдан.


Скачать


zharar.kz