Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын дамыту

Скачать

Шығыс Қазақстан облысы,
Шағын жинақталған Октябрь негізгі орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі Тақаш Қазиза

5 сыныпқа арналған

Сабақтың тақырыбы: Компьютер – әмбебап есептеуіш машина
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды компьютер түсінігімен таныстыру, компьютердің құрылымы, қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәртіптілікке, жүйелілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру (1 минут).
2. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут).
3. Жаңа сабақ түсіндіру (20 минут).
4. Сабақты бекіту (15 минут).
5. Үй тапсырмасын беру (1 минут).
6. Бағалау (1 минут).
7. Қорытынды (2 минут).

Үй тапсырмасын тексеру
1. Ақпараттың көлемі дегеніміз не?
2. Ақпараттың қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?

Жаңа түсініктер:
Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе.
Алғашқы компьютерлер компьютер және ЭЕМ атауларына көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есептеулерді аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді.
Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпаратты арнайы ақпараттық өнімдерде – дерек қорларында орналастырады.
Компьютерлерді қолданудың келесі қадамы – әртүрлі құрылғыларды басқару.
Заманауи суперкомпьютерлер эксперимент жүргізуге болмайтын салаларда модельдер құру үшін қолданылады.
Қазіргі кезде компьютерді өнімділігі мен мөлшеріне қарай әр түрге бөлуге болады.
Компьютер: Суперкомпьютер, үлкен компьютер, Сервер, Дербес компьютер (үстел үсті, алып жүретін, алақан).
Суперкомпьютер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады.
Үлкен компьютерлер (мэйнфреймдер). Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған.
Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды.
Дербес компьютер – ол бір адам басқа компьютерден тәуелсіз, жеке қолдана алатын компьютер.

Сабақты бекіту:
Оқулықтағы бақылау сұрақтары мен тапсырмалар орындалады.

Үй тапсырма: өтілген тақырыпты қайталай оқып келу және тест тапсырмаларын орындау.
Бағалау: үй тапсырмасы және сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Қорытынды:
Бүгінгі сабақта не үйрендік. Компьютер және оның түрлері.


Скачать


zharar.kz