Әдебиет 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин Өзен өлеңі (слайдымен)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Ы. Алтынсарин жайлы қысқаша мәлімет беру, өлеңнің мазмұнын меңгерту арқылы өзеннің табиғаттағы, адам өміріндегі атқарар жүгін таныту,
Дамытушылық: Өлеңді түсініп, мәнерлеп, көркем оқи білуге баулу,
ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,
Тәрбиелік: адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын білуге, оны қорғауға баулу, тазалыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, салыстыру, кітаппен, сөздікпен, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, география, әуез
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның суреті, Қазақ хрестоматиясы кітабы, интерактивті тақта, нақыл сөздер
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу
ә) зейіндерін сабаққа аудару
2) Үй тапсырмасын сұрау.
М. Өтемісұлының Қызғыш құс өлеңі жатқа айтылады.
Бәйге ойыны. Суреттердің астында жасырын тұрған тапсырмаларды топпен орындау.
Дулығаның тапсырмасы.
М. Өтемісұлы қай жерде дүниеге келген?
Қызғыштың тапсырмасы.
Қызғыш дегеніміз не?
Жылқының тапсырмасы.
Исатай кім?
Лашынның тапсырмасы.
Қызғыш құс өлеңі қандай қасиеттерге тәрбиелейді?
Домбыраның тапсырмасы.
Махамбеттің жауы кім?
Қылыштың тапсырмасы.
Туған жер, туған ел туралы қандай мақал - мәтел білесіңдер?
1. Қызығушылықты ояту.
Табиғат әзілді сүймейді, ол әрқашан әділдікті қорғайды, ол қатал, оныкі ақиқат, оныкі дұрыс. Қателік пен адасу адамнан шығады (Гете)
Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ демекші, табиғат пен адам егіз ұғым.
( Слайдтан табиғат көрінісі, өзен суреті көрсетіледі)
- Осы көріністен қандай әсер алдыңдар?
- Балалар, біздің бүгінгі қозғар тақырыбымыз не болмақ?
2. Мағынаны тану.
- Ы. Алтынсарин кім?
- Несімен танымал?
- Не істеді?
Оқулықпен жұмыс
Өзен өлеңін мәнерлеп оқу
Дәптермен жұмыс
Өлең жолдарынан бейнелі сөздер мен теңеулерді тауып жазады.
Сөздікпен жұмыс.
Өксіген - шөлдеген
Қынарда – жағасында, маңында
Жай – орын, қоныс
Жанабында - жанында