БАҒДАРЛАМА
Абайтану 10 - 11 сынып
Мазмұны:
1. Түсініктеме 1 бет
2. Абайтану курсын меңгерудегі мақсаты мен міндеттері 2 бет
3. Оқушылардың біліктілігіне қойылатын талаптар 3 бет
4. Абайтану (жоспары) 4 бет
5. Оқушының оқу жетістіктерін бағалау жүйесі 5 бет
6. Пайдаланған әдебиеттер 6 бет
Түсініктеме
Бұл бағдарлама ұлы ақын А. Құнанбаевтың мұрасын оқуға арналған.
Абай Құнанбаев шығармашылығынан кең көлемде мәлімет беріледі. Ақынның өмірі, шығармашылығы, шығармаларындағы шыншылдық, тазалық, асқақтық, Абайдың қазақ әдебиетіне, поэзиясына қосқан үлесі айтылады.
Сонымен қатар, ақынның шығармашылығын тани білуге, тақырыптық, мазмұндық мәнін игеруге бағдар береді. Өзіндік көзқарасы, дүниетанымы, сөз қадірін ұғынуын жақсы жетілдіреді. Көркем шығармаларын оқып талдау арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнер тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларымен қаруланады.
Бағдарлама оқушыларға әдебиетті сөз өнері ретінде қабылдауға мүмкіндік туғызып, әдеби білім мазмұнын жүйелі меңгертуді ұйымдастырады.
Оқушылардың өз ойын сауатты жеткізе білуге, шешен де ұтқыр сөйлеуге, еркін айта білуге баулиды.
Түркістан қалалық білім бөлімі
С. Ерубаев атындағы №7 жалпы орта мектеп - интернаты
Мұғалімі: Жұмабаева Ж.
Бағдарлама, Абайтану 10 - 11 сынып жүктеу