Алгебра 8 сынып
Виет теоремасы тақырыбына есептер шығару
Ақпараттық құзыреттілік: Виет теоремасын пайдаланып, келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерін табуға және Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып, квадрат теңдеу құруға үйрету, әртүрлі қиындықтағы есептерді шығара білу;
Коммуникативтік құзыреттілік: Алған білімдерін әртүрлі жағдайда қолдана білуге дағдыландыру. Белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға ұқсастықты, қарама - қайшылықты байқауға дағдыландыру;
Проблемалық құзыреттілік: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Ұжым намысын қорғай білетін, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу, өздігінен жеке шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша жүргізілетін жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, ынтымақтастық, ұжымдық оқыту.
Көрнекілігі:
Квадрат теңдеулердің түбірлерін табу формулалары;
Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірмелер;
Сөре және мәре ойынынан керекті анықтамалар, формулалар.
Пәнаралық байланыс: математика, информатика, казак тілі, әдебиет.
Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру;
2. Мақсат қою;
Мағынаны ашу стратегиясы;
Мағынаны ажырату стратегиясы;
Кітаппен жұмыс;
3. Сабақты қорытындылау;
4. Үйге тапсырма;
Бағалау;
Рефлекция.
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Сыныпты 4 - 4 - тен топқа бөлемін, топқа кездейсоқ жағдаймен бөлемін. Топ басшылары сайланады. Бағалау парағы таратылып беріледі.
“Қызығушылықты ояту” – кроссворд шешеді
Тапсырма: Егер дұрыс сөздерді тапса, онда француз математигінің фамилиясы шығады.
1. ах 2 +вх+с=0, (a=0) теңдеуі қалай аталады? (квадрат)
2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір
астындағы өрнек? (дискриминант)
3. Квадрат теңдеудегі а және в. (коэффициент)
4. Квадрат теңдеудің дербес түрі? (толымсыз)
Тарихи дерек (Франсуа Виет) туралы ( оқушылар өз ойларымен бөліседі).
МАҒЫНАНЫ АШУ СТРАТЕГИЯСЫ
(жұбыңды тап)
Формулалар мен анықтамалар қиылып таратылады, басы бір топқа, соңы екінші топқа беріледі. Олар құрастырып оқиды.
Виет теоремасы тақырыбына есептер шығару. жүктеу