Өлеңнің екінші шумағын көшіріп жазу

Скачать

Қазақ тілі 2-сынып
Тақырыбы: Сөйлем.
Сабақтың мақсаты: А) Оқушыларға лептік сөйлем туралы түсінік беру.
Сөйлем дегеніміз не, оның қандай түрлері бар екендігін мысалдар арқылы айту.
Ә) оқушыларды 3 топқа бөліп өз топтарының ережелерін айтқызып, сөйлемдер құрғызу арқылы ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.
Б) оқушыларды 3 топқа бөлу арқылы бірлесіп, топтасып жұмыс жасай білуге, қамқорлыққа тәрбиелеу
Түрі: дамыта оқыту технологиясы
Әдісі: жинақтау, топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: ана тілі, дүниетану, әдеп әліппесі,
Көрнекілігі: Сызба, слайд, ойындар

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларды түгендеп, сабаққа әзірлеу
2. Психологиялық дайындық
Әрбір адам-туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ-үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір сөзің-шындық, бірлік, адамдық
Әрбір ісің-тілек, тірлік, адалдық.

3. Үй тапсырмасын сұрау
4. Өткен сабақты қайталау
Балалар, мен сендерді лепті, сұраулы, хабарлы етіп 3-топқа бөлемін. Әр топ өздерін қорғайды. Ережесін айтады.
Жұмбақтарды жасыру
Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады (сөйлем)

Сөзді құрап, доп тізем,
Қоя салсаң бір тары.
Жаңалықты жеткіземін.
(хабарлы сөйлем)

Ойды аяқтап орақ тұрады,
Жауап сөз қалап тұрады.
(сұраулы сөйлем)

Ұранды, шаттықты,
Өкініш, аптықты.
Білдіріп, ойын талайдың,
Шарға ине қадаймын.
(Лепті)

Жаңа сабақ
Сөйлемнің түрлері: хабарлы, сұраулы, лепті болып бөлінеді.
Міне, сендердің парталарыңа өз топтарыңның атын қоямын.
1 – қатар: Лепті
2-қатар: Сұраулы
3-қатар: Хабарлы
Дәптерімізді ашып бүгінгі күннің жадын жазамыз.
Көркем жазу жұмысы
Қатарыңның алды бол!
1-жаттығу
Өлеңді рөлге бөліп оқу.
Сөйлемнің қандай түрі бар?
Кім жомарт? Не жомарт? Сұрағына жауап беру
Өлеңнің авторы: Мұзафар Әлімбай қазақ балалар ақынымен таныстыру
2-жаттығу
Өлеңді тиісті дауыс ырғағымен оқып, көшіріп жазу.
Лепті сөйлемдерді тауып жазу

Қадыр Мырза-Әли-1935 жылы 5 қазанда Орал облысы, Жымпиты ауылында дүниеге келген.

Сергіту сәті:
3-жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Өздері білетін бесік жырын айтқызу.
Өлеңнің екінші шумағын көшіріп жазу.

Бесік жыры
Әлди, бөпем, әлди – ай!
Айналайын шырағым,
Көлге біткен құрағым.

Жағамдағы құндызым,
Аспандағы жұлдызым.
Халық ауыз әдебиетінен
Үш көзді батыр,
Жолды аңдып жатыр (бағдаршам)

Бағдаршам ойыны
Әр қатарға сөйлемдер беремін. Сөздердің орны ауысқан, дұрыс сөйлемдер құрау.
1- топ
Сыныпта, оқисың, нешінші
2-топ
Жанды, қызыл, әттеген-ай.
3-топ
Бардым, мектепке, мен

Көшеде жүру ережесін сұрау
Сөздерге дыбыстық талдау жасау
Сабақты қорытындылау
Әр топ өздерін қорғап шығу, бағалау
Үйге: 4-жаттығу. Лепті сөйлем


Скачать


zharar.kz