2018 - 2019 оқу жылының каникул кезеңдеріОқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасы, 1 - і сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2 - 11(12) сыныптарда - 34 оқу аптасы

Скачать

2018 - 2019 оқу жылының каникул кезеңдері

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасы, 1 - і сыныптарда - 33 оқу аптасы, 2 - 11(12) сыныптарда - 34 оқу аптасы.
Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

2018 - 2019 оқу жылы барысындағы каникул кезеңдері бекітілді.
1 - 11 (12) сыныптарда: күзгі каникул - 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан - 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі - 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);

Мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 7 күн (2018 жылғы 29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда),
қысқы 14 күн (2018 жылғы 27 желтоқсан - 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда),
көктемгі – 15 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);

Мектепалды даярлық сыныптары мен 1 - і сыныптарда 7 күн мерзімде (2019 жылғы 4 - 10 ақпанды қоса алғанда) қосымша каникул белгіленеді.


Скачать


zharar.kz