НАРЫҚТЫҚ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ.

Скачать

Нарықтық экономика –ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы,оның дамуының өзіндік бай тарихы бар.нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бқлуге болады:
a) Нарық элементтерінің пайда болуы,
b) Натуралдық айырбас кезеңі нарығы
c) Тауар баламасы кезеңініннарығы
d) Тауар емес балама кезеңінін нарығы
Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады,олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т2 көрсетуге болады.Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды.Осының нәтижесінде қоғамдық қажетішығындар категориясы қалыптасады.Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ,сондықтан «таза» құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе –теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1- Т2 , балама - Т2 .Әрбір жергілікті нарыққа баламы тауардың бір түрі тән.Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады.Бұл кезенде «таза » өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді,оған тауар қабығынсыз өмір суре алмайтын «шығындық» және «шығындық емес» деп бөлінетін құрамалары байланады.Дүниежүзілік нарқтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алатын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы : Т1 –тауар емес балама- Т2 . Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен құнның «таза» иеленушілері несие ақшалар өзінің «тауарлық» мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеле нушісінің оқшаулануы-қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөледі. Стихилы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болды. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы Адам Смит (1723-1790) өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» (1776ж) деген басты еңбегінде – жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі даумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін «түнгі күзеткішінің» рөлін атқару қажет. Мемлекет «laisser faire» (« мейлі өзімен өзі жүрсін») саясатын жүргізіп бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ АСмит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын «жаман әдеттеріне» мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нарықты реттеуге қабілеті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп, А.Смит нарықты экономиканың өзін-өзі реттеу механизімін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың «көрінбейтін қолының» пайғамбарының пікірінше – жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалыптасты.
Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XXғасырдың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік меншіктгі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРОөның экономикасына жатады.Нәтижесінде ,суранам мен ұсыным сұрақтары әкімшілік өміршілік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндіушілер нарығының типы қалыптасты.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр.Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру,шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету , белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті еңгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама –ақпараттық жүйелерді құр арқылы реттеуде мемлекеттің шешуі рөлін атап көрсету керек (ол туралы кітаптың келесі тауарларына кеңірек айтылады).
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр.Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға көшу бағдарламасын көрсету бұрын оның тарихына тоқталып өтейік.
Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды. Оның ерекшіліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес.Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың , жеріміздің тарихын білмейміз.Мысалы , Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық –феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштербің даму дәрежесі өте- мөте төиен болды,тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді.Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз тарихшы ғалымдар болашақта өз пікірлерін айта жатар
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты.Өндіріс құрал-жалдықтарына жекеменшік .Ал Қазақстанда өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болдыІрі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды.Көшпелі мал-шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің шарты ғана емес , сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыс байланысты.Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті.Мысалы,1914жылға дейін қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы ,мәйекті жерлер жер ауып келген орыс шаруаларының патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып алынған болатын.Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас –тартыс күшейді,меншіктік бөлінусі тереңдей түсті, қауымдық –рұлық қатынастар ыдырай бастады.Патша укіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бола түсті. Бұл процестер қазақ халқында бұрын-соңғы болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның қайшылықтарының шиелісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына,өркендеуіне жағдай жасады.Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды.Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.Академик С.Бәйішевтің мәлеметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау,әсіресе XVI ғасырдан бастап мықтап өріс алған,оның едәуір бөлігі айырбас , шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.
Өздеріңізге белгілі, қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды,егіншілікпен айналыспаған деген жалан тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді.Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік , оңтустік-шығыс аудандарда орналасқан болатын.Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну ғана емес , басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған.Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды.Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпенкөшурудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан тырықшылық ұяларыбұзылды. «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған экономика ғылымдарының докторы, профессор Толған Әбдіразақовтың «Қазақстан және қазақтар »деген үлкен мақаласында мынадай деректер келтіріледі.XIX ғасырдың орта тұсында қазақтар арқылы орталау «Өлкенің дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кең әсер етті» . Қазақтар алған байтақ жер бөліктері , көп ұзамай тақыр айналды , олар көп ретте жеке еңбекпен егін шаруашылығымен шұғылданудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен айналысты.1848 жылы 100 десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни сегіз өткеннен кейін тек 1826 десятина жерге еткен , бұл қырғыздардың бұрынғы егінінң 7


Скачать


zharar.kz