Сабақтың тақырыбы: Астана
Сабақтың мақсаты:
1. Өлеңді түсініп оқи отырып, Астана қаласының көркемдігіне баса назар аударту. Астана қаласының көркем келбетіне мән бергізу.
2. Оқушылардың тіл байлығын, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру
3. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезім орнату
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: пікірлесу, сұрақ - жауап, сауалнама
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Көңіл - күй ахуалын туғызу
ІІ. Өтілген материалды пысықтау
1. Үй жұмысын сұрау
Кімнің мекені жақсы мәтіні бойынша 3 бөлімді баяндау
2. 2. Қайталау мақсатында сауалнама жүргізу
1. Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем деп басталатын өлең жолдарының авторы кім?
А. Ж. Смақов Ә. М. Мақатаев Б. Ж. Смақов
2. Ж. Аймауытов шығармасын ата
А. Үш сом Ә. Зеректік Б. Қартқожаның туған жері
3. Өмірде болған адамның басынан өткен шығарма қалай аталады?
А. Мақал Ә. Аңыздар Б. ертегілер
4. Күн шыққанда мәтінінде не туралы айтылады?
А. Туған жерді сүю туралы айтылады?
Ә. Кітаптың пайдасы туралы айтылады
Б. Білімнің пайдасы туралы айтылады
5. Ж. Аймауытов шығармасы
А. Кітап оқу
Ә. зеректік
Б. Сақина
ІІІ. Жаңа сабақ
Ребус шешу
Ребустың шешуіндегі Астана, Алматы қалалары туралы әңгімелеу
К. Ахметова өмірі мен творчествосынан мағлұмат беру
Күләш Ахметова (25. 4. 1946 жылы туылған, Қырғызстан, Талас ауданы Киров ауылы) — ақын. Жамбыл медициналық училищесін, Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1973). “Қазақстан пионері” газетінде, “Жалын” баспасында бөлім меңгерушісі, редактор болып қызмет істеді. Алғашқы өлеңдері училищеде оқып жүрген кезінде жариялана бастады. К. Ахматова, А. Межиров, Н. Ислам, Э. Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады. Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді.
Өлеңді дауыстап оқып беру
Өлеңге талдау жүргізу
ІҮ. Жаттығу жұмысы
Оқулықпен жұмыс жүргізу
Өлеңді тізбектей оқыту
Өлең бойынша жұмыс жүргізу
Мәтіннен Астана, Сарыарқа, Есіл сөздеріне қатысты жолдарды тауып, тұтас оқыту
Өлеңдегі ақын ойын сызбаға түсіру
а) Сарыарқа ә) Алатау б) Алматы
Есіл Алматы Астана
Астана
Бәйтерек
Сурет бойынша әңгіме құрау
Топтастыру жасау
Астана
Ү. Сабақты бекіту
Венн диаграммасы Астана мен Алматыны салыстыру
1. Өлеңде қай қала туралы айтылады?
2. Жаңа астана қашан құрылды?
3. Астана қай жерде орналасқан?
4. Астананың көркем келбетін ақын қалай жырлаған?
ҮІ. Үйге тапсырма беру
Өлеңді жаттап алу
ҮІІ. Бағалау
Оқушылардың өз - өздерін бағалауды ұйымдастыру