Электронды оқулықтан Қыз қуу өлеңін тыңдату

Скачать

Олжас Сүлейменов Қыз қуу өлеңі
8 сынып
Мақсаттары: Оқушыларға жаңа білімді өздігінен игерту арқылы өлеңнің мазмұны, тақырыбы мен идеясын ашу
Оқыту нәтижесі: Шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың сыни ойлауын қалыптастыру
Түйінді идеялар: Ұлттық ойын – салауаттылық негізі
Әдіс - тәсілдер: Автор орындығы , Кластер , Ассоциация , Семантикалық карта , Галереяға саяхат , РАФТ , Эссе әдістері
Ресурстар: Оқулық, орындық
Видео, интерактивті тақта, постер, түрлі - түсті маркер, стикер, ноутбук, электронды оқулық

Мұғалімнің іс – әрекеті
Амандасу. Алақан жылуы тренингі
Топқа бөлу
Мозаика әдісімен 4 топқа бөлінеді
Бағалау парағын тарату
Өткенге шолу
Автор орындығы әдісі
Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары
Қызығушылықты ояту
Видео. Қыз қуу ойынынан үзінді көрсету
Түрткі сұрақтар қою.
- Бұл қандай ойын?
- Шарты қандай?
- Бейнетаспада көрсетілген ойынның бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыздар?
Ассоциация әдісі
Олжас Сүлейменов кім?
Электронды оқулықтан Қыз қуу өлеңін тыңдату.
Бәйге кезеңі
Семантикалық карта әдісі
Жорға кезеңі
Галереяға саяхат әдісі

Дода кезеңі
Сөздікпен жұмыс
Сергіту сәті Ханталапай ойыны
Көкпар кезеңі
РАФТ әдісімен Қыз қуу ойынын жарнамалау
Эссе әдісі
Ұлттық ойын – салауаттылық кепілі
Кері байланыс
ББҮ және ИНСЕРТ әдістері
Бағалау парағын жинау.
Үйге тапсырма.
Қыз қуу өлеңін жаттау

Оқушының іс – әрекеті
Шеңбер жасап тұрады да, сайысқа қатысушы ретінде бір - біріне тілек тілейді.
Ұлттық ойындардың суреттері бойынша топқа бөлінеді.

Ортаға орындық қойып, эссені жазған автор шығарманы оқиды. Оқушылар сұрақтар қояды.

Видео көру арқылы сабақтың тақырыбын шығарады. Ойланады, көрген ақпаратты түсініп, өз көзқарастары тұрғысынан рефлексия жасайды.

Оқушылар өз білгендерін ортаға салады,
ойласа отырып және топ болып постер дайындайды.
Оқушылар топтаса отырып, ой толғайды, болжам жасайды, топтастырады және қосымша мәліметті интернеттен алады

Өлең оқылып жатқанда оқушылар ілесіп оқып отырды.
Өлең жолдарындағы ассонанс, аллитерация және қайталаудың түрлерін табады. Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, жұпта бір - бірінің тапсырмаларын тексерді. Кейін топта талқылап, Жауаптарын интерактивті тақтаға түсірді. Топта оқушылар бір мәмілеге келе отырып, ынтымақтастықта жұмыс жасайды.
Оқушылар алған білімдері бойынша өз ойларын жинақтайды, сараптайды. Сыныптастарымен талқылайды, түсініктерін кеңейтеді. Ұлттық ойынды бейнелейтін сурет салады.
Өздері білетін мәліметпен Дүлдүл, бұлбұл сөздерінің мағынасын ашады, егер керек болған жағдайда интернетті пайдаланады.
Асықтардағы сандар бойынша екінші рет топқа бөлінеді

Бұл кезеңде оқушылар қызығушылықпен белсене жұмыс жасайды. Ынтымақтастық орта қалыптастыра отырып, өздерінің рольдерін сомдайды.
Оқылған тақырып бойынша өз ойларына талдау, рефлексия жасайды, өзінің көзқарасын шығармашылық тұрғыдан көрсете алады.


Скачать


zharar.kz