Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Түлкі мен тиін (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты: Мысалдың мазмұнын аша отырып, сыни тұрғыдан ойлау арқылы адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Негізгі идея: Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Оқушы бойында пікірталасты жүргізе білу қабілетін қалыптастыру. Өз бетінше тұжырым жасауға баулу. Білім, білік, дағдыларын өмірдің кез келген саласында қолдана білуін қамтамасыз ету.
Нәтиже: Топтағы және командадағы бірлескен жұмыс барысында қарапайым сөйлеу дағдыларын қолданады: мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді; ауызша және жазбаша түрде түсіндірмелі және хабарлы сипатта шағын мәтіндер құрастырады.
Тапсырмалар: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, салыстыру кестесі, көрнекілік стратегиясын пайдалану
Сілтеме: 2 - сынып Ана тілі оқулығы Б. Т. Қабатбай
С. Р. Рахметова, П. Қ. Жаманқұл. Ғаламтордан алынған мәліметтер.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, мазмұнды суреттер, үн таспа, ой толғауға арналған венн диаграммасы ассоциациясына арналған көрнекілік. Видео камера.
І. Ұйымдастыру.
Позитивті түрде сабақты бастау.
1. Тренинг: Көңіл - күйімізді жаттықтыру
2. Топқа бөлу, топ ережесін жатқа айту.
ІІ. Үй жұмысы.
Тест. Кері байланыс орнату.
ІІІ Қызығушылығын ояту
1. Жұмбақтар жасырамын, шешіп көрейік.
2. Түлкі мен тиін туралы не білесің? Т - кестесі
VІ. Мағынаны таныту.
1. Жаңа тақырыптың атауы және авторы жайында мәлімет беру
2. Оқулықпен жұмыс.
1. Тапсырма:
А. Рөлге бөліп оқыту.
Ә. Өлеңнің толық мазмұнын айт.
Б. Мысалдың негізгі түйінді ойы тап.
2. Сұрақ - жауап.
- Түлкі тиінге кездескен сәтте не деді?
- Тиін оған қалай жауап қатты?
- Сол сәтте қандай жағдай болды?
- Қай аңның айласы басым болды?
3. Сахналау.
Әр топ ертегіні сахналайды. Қай топтың өнері жақсы екенін айтып бағалау.
V. Ой қорыту
1. Семантикалық карта.
Түлкі мен тиін және бұлбұл мен тоқылдақ мысалын салыстырады.
2. Венн диаграмма.
Түлкі
Тиін
VІ. Бағалау
Топ болып бір – бірін бағалау
Мұғалімнің соңындағы жиынтық бағасы.


Скачать


zharar.kz