Шәмші - Шәмші кім

Скачать

Сабақтың тақырыбы: О. Бодықов Аққұс туралы аңыз
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар Шәмші Қалдаяқовтың өмірі, шығармашылығын оқып үйренеді. Әңгіме мазмұнын оқып, аңыз туралы түсінеді.
Жазушы Оразбек Бодықовтың өмірбаянымен танысады.
Дамытушылық: Сыни ойлай отырып шығармашылық қиялы, жүйелі ойлау қабілеті, сөздік қоры молаяды. Зерттеушілік қабілеттері қалыптасады.
Тәрбиелік мәні: Ән құдіретін сезінеді, өнерді құрметтеуге тәрбиеленеді..
Көрнекілігі: О. Бодықовтың, Ш. Қалдаяқовтың суреттері, слайд.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдіс - тәсіл (модуль): Сыни тұрғыдан ойлау, Диалогтік оқыту, АКТ пайдалану, Талантты және дарынды балаларды анықтау, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық. ҚР. мемлекеттік гимні
Барша халық таныған,
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран,
Жаңғыртады аймақты.
Шәмші атаның сазды үні,
Жігер беріп қайратты.
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.
- Оқушылардың көңіл - күйлерін сұрау.
- Әнге, Отанға, өмірге деген сүйіспеншілікпен сабағымызды жалғастырайық.

ІІ. Үй жұмысын сұрау. Үйге қандай тапсырма берілген еді? Әбілхан Қастеев.
Сұрақ - жауап арқылы үй жұмысын бекіту.
1. Ө - Әбілхан Қастеев кім, қайда, қашан туылды?
2. Н - Әбілхан Қастеевтің анасы туралы не білесің?
3. Е - Ол кімдерден сабақ алған?
4. Р - Суретші Әбілхан Қастеев шығармаларын ата.
5. Сарапшы. Әрбір топтың жауаптарын толықтырып, сараптайды.
Топтастыру (слайдпен көрсету)

Өнер сөзіне топтастыру
- Топ аттарын анықтау, топ басшы сайлау, бағалау парағын тарату.
Жыр - Осы Маңғыстау облысындағы жыршыларды ата?
- Амандық Көмеков.
Би - Маңғыстаулық бишілерді білеміз бе?
- Серік Сариев. Оның осы Ақтауда Жорға атты би ансамблі бар.
Күй - Жерлес күйшілерден кімдерді білеміз?
- Сержан Шакрат, Роза Айдарбаева.
Ән - Маңғыстаудың атақты әншілерін атаңыз.
- Тамара Асар, Ақылбек Жеменей, Ұлықпан Жолдасов, Мұрат Қожа, Ғалымжан Жолдасбаев
Сазгер - Әнді кім шығарады?
- Сазгер, композитор.
- Қазақстанның сазгерлерін білесіңдер ме?
- Ескендір Хасанғалиев, Әсет Бейсеуов, Сыдық Мұхаметжанов, Арман Дүйсенов. Маңғыстаулық Ұлықпан Жолдасов.
Жалпы: - Маңғыстау облысындағы сазгерлерден кімдерді білесіңдер?
- Марат Ордабав, Мұхамедяр Нысанов, Көмек Ыбраев, Қуантқан Ванов.
Мұғалім: Осы біздің Мұнайлы ауданымызда Есенбай Құлиев деген сазгер бар.
Ол Каспий – достық теңізі өлеңінің әуенін жазған.

ІІІ. Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу.
1.... қолы көпке ортақ.
2. Ұстаздан... озар.
3. Өнерлі бала....
4. Ата көрген оқ жонар
Шеше көрген тон....
5. Жігіт адамға... өнер де аз.
- Осы ерекшеленген торкөздегі сөздерді оқиық.
- Шәмші
- Шәмші кім?
- Атақты сазгер
Автормен тану:
- Жазушы Оразбек Бодықов Шәмші аталарыңның ең сенімді де сырлас досы. Бүгінгі сабағымызда Шәмшімен болған қызықты бір күндер естелігінен
Аққұс туралы аңыз әңгімесімен танысамыз.
1. Автор Оразбек Бодықов туралы мағлұмат беру.
2. Аңыз дегеніміз не? Сызба арқылы түсіндіру
3. Мәтінмен жұмыс: Іштей оқу.
- Оқушылар өзбетінше іштей мәтінмен 2 минут оқып танысады.
Мәтінде таныс емес сөздерді түртіп алу.
- Дәптермен жұмыс: Ай мен күн ретін, жаңа тақырыпты жазу.


Скачать


zharar.kz