Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі КММ
Мектепалды даярлық тобы
Тәрбиеші: Естекова Ж.С.
Тақырыбы: Аяулы – анашым.
Мақсаты: Жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Анаға деген махаббатын ояту. Баланы бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекі - құралдар: Көктем – ана, қыздар – гүл , Менің анам нақыл сөздер. Қабырға газеті. Әсем безендірген зал. Көңілді музыкамен балалар кіреді.
Тәрбиеші: Аналар көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырып, бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!
Оқушы: Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймыз.
Оқушы: Менің әжем, гүл әжем.
Алтын әжем, күн әжем.
Ана үшін, мен үшін,
Нағыз ана тілі - әжем.
Оқушы: Ем жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған
Бақыты үшін баланың
Аман – сау бол, ақ мамам.
Оқушы: Аналар мерекесі – құтты болсын.
Оқушы: Менің әжем, жыр әжем.
Шуағы мол, нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман – есен жүр әжем.
Сюрприздік сәт: Көңілді музыкамен көктем кіреді.
Көктем: Сәлеметсіздер ме балалар! Мен кіммін? Сендер мені таныдыңдар ма?
Балалар: Иә, көктем.
Көктем: Көктем ерекшеліктері қандай? Кім айтады?
Балалар: Қар ери бастайды, құстар жылы жақтан ұшып келеді, бәйшешек шығады.
Көктем: Ал ойынды жақсы көреміз бе?Ендеше балалар кел жақындап ойын ойнайық.
Ойын: Гүлдерді жинау .
Тәрбиеші: Құрметті көктем біздің балалар өте өнерлі сендерге арнап тақпақтар мен өлеңдерді айтып береді.
Өлең: Айналайын мама .
Оқушы: Достықты біз ойлаймыз
Бірге күліп ойнаймыз
Қыздарда да құттықтап
Мерекесін тойлаймыз.
Оқушы: Көрсетемін күллі елді
Жарық етем түндерді
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді.
Оқушы: Көктем де көңілді
Құстар кеп жатқанда
Құлпырып өңірді
Гүл ектік бақтарға.
Оқушы: Ананың біз гүліміз
Ана біздің күніміз
Ұландарды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Оқушы: Мен деп кірпік қақпаған
Менсіз тамақ татпаған
Бақытты үшін баланың
Аман – сау жүр ақ мамам!
Сюрприздік сәт: Қуыршақ келеді.
Қуыршақ: Сәлеметсіздер ме балалар! Сендер мені таныдыңыздар ма?
Балалар: Қуыршақсың,біз ойнайтын..
Қуыршақ Дұрыс айтасыңдар. Мен қайда келдім, сендерде қандай мереке болып жатыр? Бәрін әдемі киінгенсіңдер.
Балалар: Бізде аналар мерекесі.
Қуыршақ: Аналар мерекесін мен білмеймін. Аналар мерекесі ол не? Оны немен жейді? Ол тәтті ме?
Балалар: Ол тәтті, бірақ оны жеуге болмайды.
Қуыршақ: Балалар мен тек қана тәтіні жақсы көремін, ойынды жақсы көремін.
Тәрбиеші: Қуыршақ сен бізбен бірге біздің мерекеде қал. Біздің балалар саған ана сөзінің мағынасын түсіндіреді.
Мақал мәтелдер: Ана сүті бал, баланың тілі бал , Әкеден – ақыл, анадан – мейір , Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет , Ана алақанның аясы, ақ шынардың саясы .
Ойын: Өз балаңды тап .
Оқушы: Ойнаймыз күлеміз
Жарқылдап жүреміз.
Ананы сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.
Оқушы: Бойға қуат бересің
Әй жарайсың деген
Мен анамның әр кезде
Соны естігім келеді.
Оқушы: Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз
Той күні бір – бірден
Анаға сыйлаймыз.
Қуыршақ: Түсіндім, түсіндім ана деген кім екенін. Рахмет сендерге балалар. Ал енді ойынды бастайық. Ойнауды жақсы көресіңдер ме?
Балалар: Ойнауды жақсы көреміз. Ойнаймыз.
Ойын: Кім тез .
Би: Қуыршақ, Көктем, балалар көңілді би билейді.
Тәрбиеші: Балалар өз аналарыңа, өз қолдарынан жасаған сыйлығын береді. Мереке күнімен құттықтаймыз.Сау болыңыздар!