Сабақтың тақырыбы: Астана геометриясы - Елорда және Елбасы (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
а) Сынып оқушыларын Астана қаласының символы, Астананы ауыстыру туралы ҚР президентінің жарлығы, оның мәртебесі туралы ҚР Заңы, Астана қаласының қазіргі келбетімен, жетістіктерімен таныстыра отырып, сәулет өнерінің ең озық үлгілерімен таныстыру, геометриялық тұрғыдан зерттеу.
ә) Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген сүйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру.
б) Сынып оқушыларының шығармашылыққа баулу, ой қорыту, ізденуге, шапшаң әрі нақты жауап беруге дағдыландыру, ойын анық жеткізу қабілеттерін дамыту.
Сабақтық түрі: Семинар сабағы.
Сабақтың әдісі: зерттеу, шығармашылық іздену.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Сабаққа кіріспе:
1. 1 - желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті Күні туралы.
2. Астана - Елбасының ерлігі
ІІІ. Оқушылардың зерттеулері
1. Ақ Орда Мадиярова Алина
2. Назарбаев Университеті Манапова Анар
3. Астана мешіті Канапин Алишер
4. Самұрыққазына Темірханова Жанар
5. Астана - Бәйтерек Амирханова Гүлдана
6. Тәуелсіздік Сарайы Серікпаева Гулниса
7. Хан Шатыр Медетова Ботагөз
8. Астана циркі қанаш Асылхан
9. Бейбітшілік пен келісім сарайы Ботаева Роза
ІV. Практикалық жұмыс
V. Қорытынды.
VІ. Рефлексия
VІІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
ІІ. Сабаққа кіріспе:
Әр елдің болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдері болады. Сондай кезеңдердің бірі – астанамыздың Сарыарқа төсіне қоныстануы болды.
Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, еліміз үшін жаңа тарихтың басталғаны белгілі. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үлкен мақсаттарды алға қойды. Осы тұста Елбасымыздың көкірегінде қайнап піскен, Елорданы Ақмолаға көшіру туралы идеясы ешбір кедергіге, кейбіреулердің күдіктеріне қарамастан іске асып, бүгінде ел мақтанышына айналып, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды. Астана осынау 12 жылдың ішінде әлемге танылды және елімізді әлемге танытты. Ондағы зәулім сарайлар мен сәулетті үйлер бір - бірімен үйлесіп, қаланың көркіне көрік қосып тұрғандай. Астананың көркіне не бір өркениетті елдер таңдана да тамсана қарауда. Астана – ең алдымен Елбасымыздың ерен еңбегі мен ерлігі.
Қазақстанның жаңа тарихының шынайы бейнесі.
Астана – халқымыз үшін тәуелсіздік пен өсіп - өркендеудің алтын тұғыры. Президенттің перзентіндей болған Астанаға Елбасының идеялық еңбегі ғана сіңген жоқ, қаланы жасыл желекке көмкерген бас бағбаны да, ажарын сәнді еткен бас сәулетшісі де Мемлекет басшысы болды. Сондықтан да Елбасы мен ел орда – егіз ұғым. Уақыттан оза шапқан бүгінгі Астана - тұтас еліміздің ертеңге деген үкілі үміті мен сенімінің көрінісі, арманы мен тілегінің кепілі .
Елбасының ерен ерлігі нәтижесінде ХХІ ғасырдың ғажайыбы атанған Астана қаласы аңыздан ақиқатқа айналды. Бұл әсіресе, біздің еліміздің сәулетшілері үшін ұлы мектеп, қайталанбас тәжірибе тәлімі. Жаһандану заманының үрдістеріне орай Астана архитектурасында әлемнің сәулет өнерінің ең озық үлгілері көрініс тапты. Соған қарамастан, бүгінгі Астана қаласының архитектурасы ұлттық нақыштарға, қайталанбас халықтық тәжірибеден туындаған үлгілерге де толы. Бұл ең алдымен, елорданың бас архитекторы Нұрсұлтан Назарбаевтың өшпес еңбегі екендігі даусыз. Дағдарыс өтеді де кетеді. Ал қала құрылысы мәңгі жалғасады. Астана архитектурасы болашаққа жалғасатын ел мерейі екендігі хақ.
• Халық саны: 697, 3 мың адам (2011)
• Халық санының тығыздығы: 958 адам шаршы шақырым
• Аумағы: 72, 2 мың гектар: Алматы ауданы – 21, 4 мың гектар, Сарыарқа ауданы - 19, 6 мың гектар, Есіл ауданы – 31, 2 мың гектар.
• Телефон коды: Қазақстан бойынша қалааралық код – 7172; халықаралық код – 107 – 7172
• Климаты: Континентальды. Қыс мезгілі өте суық, ұзақ, қатты. Жаз мезгілі құрғақ, шілде айының орташа температурасы +20 С.
ІІІ. Оқушылардың зерттеулері Оқушылар өз жұмыстарымен таныстырады. ІV. Практикалық жұмыс. Топтар бойынша түрлі пирамиданың жазбалары таратылады. Қай жазба Бейбітшілік пен Келісім сарайының жазбасы бола алады?
V. Қорытынды: 1. Оқушылар жұмысын бағалау
2. Арқа төсіндегі ару қала - Астана
• А – Астана - жастардың қаласы.
Р - республиканың орта тұсында орналасқан.
Қ - Қысы өте аязды, суық болатын қала.
А - Алғашқы атауы – Ақмола.
Т - Теңіз, Қарасор, Балықты көл, Қыпшақ көлдері бар.
Ө - Өнерпаздардың Шабыт , Евразия фестивальдері ашылды.
С - сәулетті жапон сәулетшісі Кисе Куракова жоспарымен жасалды.
І - Іргесі 1830 жылы қаланды.
Н - Нұра өзені ағады.
Д - Даму қарқыны бойынша 1 - орында тұр.
Е - Елбасының игі бастамасымен зәулім ғимараттар салынды.
Г - Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті - білікті жас мамандар болашағы.
І - Ірі өзендері – Есіл, Нұра.
• А - Алғашқы адамдары ашель - мустьер заманында алғаш қоныстанған.
Р - Рамстор ірі сауда орталығы қазір өмір талабына сай жасалған.
У - Уран, алтын, боксит, мыс, көмір, кварц құмдары т. б. пайдалы қазбалар бар.
Қ - Қорғалжын қорығы батысында орналасқан.
А - Астана өмірі, тарихы жайлы Елбасының Еуразия жүрегінде атты кітабы бар.
Л - Лебі ескен Есіл бойында бой көтерген Ару қала.
А - Астанада Отырар кітапханасы орналасқан.
А - Алтыншы шілде Елордамыз - Астананың туған күні.
С - Символы - Бәйтерек.
Т - Техникалық алмастың бүкіл қоры Астанада бар.
А - Астанадағы Бәйтерек монументін Сәулетшілер одағының президенті Ақмырза Рүстемов жобалаған.
Н - Нұр - Астана зәулім күмбезді мешіті бар.
А - Астана Боливияда өткен Әлемдік қалалар халықаралық конкурстарда Бейбітшілік қаласы аталды.
Хормен: Астана – жаңаның жаршысы, Тәуелсіздігіміздің табысы, Елбасының төл перзенті.
VІ. Рефлексия. Оқушылар кестені толтырады.
Не білемін? Не үйрендім Не білгім келеді
VІІ. Үйге тапсырма. Астананың Сәулет өнеріне байланысты өз есебін құрастырып келу.