Әулиекөл ауданы
№2 Аманқарағай орта мектебі ММ
бастауыш сынып мұғалімі:
Аяпбергенова Алмагүл Бахитжанқызы
Сабақтың тақырыбы: Мезгіл үстеу
Сабақтың мақсаты:
Жалпы мақсаты: Сөйлем ішінен мезгіл үстеуді тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге жетелеу. Өз ойын еркін жеткізуге бағыт беру. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Оқу нәтижесі: 1 Үстеу сөздерді ажыратады.
2. Топтық жұмыс жасау барысында оқушы деңгейі анықталады.
3. Оқушылар нақты, шынайы тұжырым жасайды.
4. Өзін - өзі және топты бағалайды.
Түйінді идеялар: үстеуді салыстыру, ажырату, теориялық материалды жүйелі баяндау.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Оқыту формасы: Жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Оқытуда қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін және оқуды бағалау. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Оқытудағы әдіс - тәсілдер: Өзіңді тексер , Артық сөзді тап! топтастыру, жұптық жұмыс, сыни ойлау.
Көрнекіліктер: бағалау бетшесі, интерактивті тақта,, маркер, үлестірме қағаздар, слайд, кесте, семантикалық карта рефлексиялық кесте.
Психологиялық дайындық Армысың алтын күн,
Армысың алтын жер,
Армысың көк аспан,
Армысың менің сыныбым,
Армысың жан досым,
Міне менің қолым,
Жылуыма жылу қос.
Қызығушылықты ояту кезеңі.
Жаңа тақырыпты ашу.
Сандар арқылы сабақтың тақырыбын шешу өсу ретімен сандарды орналастыр
15 26 5 71 66
с т ү у е
Өткенді қайталау кезеңі.
Сәйкестендіру тесті.
Зат есім ------ 1. Сары, дәмді, көк ала.
Етістік --------- 2. Біз, мен, сен
Сын есім ----- 3. Бесінші, алпыс, он
Сан есім ----- 4. Гүлдер, Алпамыс, шеге
Есімдік ------- 5. Тез, жазда, жоғары
Үстеу --------- 6. Күлді, барма, секіріп жүр
Мағынаны тану кезеңі
Артық сөзді тап! ойыны. Берілген сөздер қатарынан артық сөзді табыңдар. Олар қай сөз табына жататындығын анықтаңдар. Сол сөздерді теріп алыңыздар.
1. Кітап, дәптер, парта, күндіз, өшіргіш.
2. Ақ, сары, ерте, көкшіл күрең.
3. Басады, жүреді, ертең, отырады, жазады.
4. Жиырма, елу, түнде, бес, бір.
5. Мен сен, ол, биыл, олар.
- Ал балалар, осы сөздерге сұрақ қойып көрейікші.
1. Сұраққа жауап бере ала ма? Сұрақ қойыла ма?
2. Ол сөздер қай сөз табына жатады? Қандай мағыналық түріне жатады?
Слайдта көрсетіліп отырады.
Мезгіл үстеу - қимылдың, амал - әрекеттің мезгілін және уақытын мерзімін білдіреді. Қашан? қашаннан? Қай уақытта? деген сұрауларға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертең тұрады, былтыр келді, кешке барды, күні - түні оқиды, ертең барады.
Дәптермен жұмыс:
Көркем жазу.
Дәптерлерді ашайық
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық.
Сәуірдің бесі. Сынып жұмысы.
Бб
Б Бүрсігүні, бұрын, бүгін, биыл.
Топтарға тапсырма беру. Ауызша тексеру.
Дәптерлеріне жазу.
1 - топ Сөз жұмбақтың жауабын тауып, мезгіл үстеуді дәптерге көшіріп жазу.
Күндіз түні жүреді
Сырғымайды бір елі (сағат)
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады (күн)
Қыста сұйықты аузына алмайды,
Жазда қанша ішсе суға шөлі қанбайды (жер)
2 - топ. Мезгіл үстеудің етістік сыңарын тауып, сол сөзге бағыт апар.
1. Ендігәрі 3. ояндым
2. Қыстыгүні 4. айтам
3. Таң сәріде 6. айттым
4. Қазір 5. танимын
5. Баяғыдан 2. сырғанадық
6. Әлгінде 1. үндемеймін
3 - топ. Мақалды көшіріп жазу. Мезгіл үстеулерді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету.
Ерте шықсаң, алдыңнан күн шығады,
Кеш шықсаң, алдыңнан түн шығады.
4 - топ. Сөздерді оқу. Бұл сөздерді етістіктермен тіркестіріп жазу, оларға сұрақ қою.
Былтыр, күндіз, ерте, жаздай.
Қорытынды:
Семантикалық картамен жұмыс
Сөздер ----- Сан есім ---- Үстеу ---- Зат есім ---- Сын есім ---- Етістік
Оқыды
Жазушы
Қызыл
Жүз бес
Күндіз
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу