Сабақтың тақырыбы: Дақылдар. Дыбыстар.
Әліппе 1 сынып.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға дыбыс туралы түсінік беру.
2. Дыбыстық талдау жасауға үйрету
2. Сөздік қорларын молайту, оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, қиялын, танымдық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу қабілетінің дамуына ықпал ету.
3. Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу
Сабаққа қажетті көрнекіліктер: Дақылдардың суреттері, текшелер
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Аралас.
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: сөздік және іс - тәжірибелік әдістер тобы.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, еңбекке баулу, сурет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
Сабақтың мақсатын қою. Психологиялық жағдай туғызу
- Біз де қазір қандай сабақ деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс айтасыңдар! Қазір бізде әліппе сабағы. Ендеше әліппені бастамас бұрын бір - бірімізге қарап жақсы сөздер айтайық.
Оқушылар бір-біріне қарайды, жақсы сөздер айтады.
Сен әдімісің.
Сенің көйлегің әдемі, т. с.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ш. Ахметовтың Бұл қай кезде болады өлеңін жатқа сұрау.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?
(ауызша сұрақтар қою арқылы оқушы білімін тексеру) Суреттердегі суреттерге әңгіме құрату.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қызығушылықты ояту. Оқушыларға жұмбақ жасырудан бастаймын.
Дақылдардың суреттерін көрсете отырып, сөздерді буынға бөлу жұмыстары жүргізіледі
Сөздерге дыбыстық талдаулар жасап, тақтамен жұмыс ұйымдастырылады.
Мысалы:- Балалар суретте көрген суреттерің ненің суреттері?
Бидай, жүгері. күнбағыс, арпа, тары дақылдарға жатады. Дақылдар өсімдіктердің түрлері,
- Дақылдардан дәндер алынады, олардың кейбірін адамдарға азық ретінде пайдаланамыз.
Дыбыстық талдау жасау.
2. Дәптермен жұмыс. Оқушылар дәптердің 10 - бетіндегі ирек сызықтарды бастыра отырып, жолдың аяғына дейін толықтырып жазады. Иректердің биіктіктеріне, ара - қашықтықтарына ерекше көңіл бөлу.
3. Қ. Мүсіреповтың Алтын астық өлеңін айтып, мазмұны бойынша оқушылармен шығармашылық жұмыстар ұйымдастырады.
Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін.
Біздің дала - бай дала,
Алтын астық айнала.
Ел егінді жинайды.
Қырманға дән сыймайды.
Қырманға қандай астықтарды жинайды?
- Дақылдың қандай түрін бәлесіңдер?
- Оларды қалай пайдаланамыз?
Сергіту сәті.
4. Оқулықпен жұмыс Оқулық бетіндегі комбайн мен элеватор суреттері бойынша әңгіме құрату.
Сөйлемдерді өз бетінше талдату.
- Комбайн сөзінде неше буын бар, неше дыбыс бар?
- Бірінші буында неше дыбыс, екінші буында неше дыбыс
ІV. Бекіту.
Жалғастыр ойыны арқылы алған білімдерін пысықтау. Бір оқушы дыбыстардың бірін айтады, екінші оқушы сол дыбыстан басталатын сөз табады. Үшінші оқушы сол дыбысты өатыстырып сөйлем құрастырады.
Бағалау.
Үйге тапсырма: Оқулықтағы 12 - беттегі суреттер бойынша әңгіме құрау. Қ. Мүсіреповтың Алтын астық өлеңін жаттау.