Н. С. Манаев атындағы орта мектебінің
биология және физика пәндерінің мұғалімдері
Хилауова Армангүл Амангелдіқызы мен
Утарбаева Ардақ Искендірқызының
өткізген коучинг сабақ жоспары
Коучинг тақырыбы: Оқушыларды ҰБТ - ға дайындауда кездесетін кедергілер мен олардан шығу жолдары.
Қатысушылар: семинарға қатысушы мұғалімдер
Мақсаты:
ҰБТ - ға дайындаудың түрлі әдіс - тәсілдерін мысалға ала отырып, басқа да мұғалімдермен іс - тәжірибе алмасу.
Күтілетін нәтижелер: Мұғалімдер оқушыларды ҰБТ - ға дайындауда кездесетін кедергілерді, қиыншылықтарды жеңудің жолдарын бірлесіп іздейді, кедергіден шығудың жолы әрқашанда бар екеніндігін түсінеді.
Түйінді идеялар: Мұғалімдердің бір - бірімен бірлескен топтық жұмысының нәтижесінде ҰБТ - ға дайындаудың әдіс - тәсілдерінің негізінде модель құру.
Ресурстар Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, апта ресурстары.
Таныстырылымдар
тізімі: Оқушыларды ҰБТ - ға дайындау барысындағы қолданылатын тиімді әдіс - тәсілдер атты таныстырылым
Теориясы: ҰБТ - ғылымда дәлелденген, тиімділігі іс жүзінде танылған үрдіс. Сонымен бірге,
ұлттық бірыңғай тесттілеудің енгізілуінің мақсаты - оқушылардың мектепте алған білімдерінің нәтижесін бағалауда объективтілікті арттыру болып табылатын білім беру сапасын мемлекеттік
аттестациялаудың бір түрі.
Құрал жабдықтар: Флипчарттар, маркерлер, стикерлер, магниттер, бос банка және әртүрлі тастар.
Жұмыс кезеңі
Қызығушылықты ояту: 1). Психологиялық ахуал туғызу
Мақсат:
Қатысушылардың оң көзқарастарын қалыптастырып белсенділігін арттыру
Коучтің іс - әрекеті
Көтеріңкі көңіл - күй орнату үшін Сергіту сәті - Картоп егу тренингін ұйымдастыру.
Қатысушы мұғалімдердің іс - әрекеттері
Шеңбер жасату, шараға қатысушыларға бір - бірінің арқасына үгу жасай отырып, картоп егу процесін жасайтынын ауызша түсіндіру арқылы өзара қарым қатынасқа түсіре отырып жағымды ахуал қалыптастыру. Жерді жыртамыз , Қопсытамыз Бетін тегістейміз Тұқым себеміз бетін жабамыз Суарамыз Арамшөптерін жұламыз Алынған дайын өнімнен соң, өзара мадақтама жасату.