Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

Скачать

Атырау обылысы, Исатай ауданы,
Село Тұщықұдық, Чапаев бастауыш мектебінің
өзін - өзі тану пәні мұғалімі
Нұрмұханова Гүлшат

Сабақ мақсаты: Балалардың Өмір құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- Білімнің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру:
- Білімге, оқуға қызығушылықтарын арттыру;
- Алған білімді өмірде дұрыс қолдана білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
Оқулық, дәптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Тыныштық сәті: Нұрға бөлену
Т ұстанымын еске түсіру
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тазалық
4. Татулық
5. Тыныштық

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау
Ата өсиеті әңгімесін мазмұнын айтып талдау.

Мәтінмен жұмыс:
Оқушыларға білімнің адам өміріндегі мәнін ұғындыру мақсатында Білім мен тәжірибе аңыз әңгімесін оқып талдау жүргізу.
- Данышпанның өз шәкіртімен жарысқа түсуінің мәні неде?
- Ұстаз шәкіртіне дұрыс өмір сүруді қалай үйретті?
- Білімді өмірде қалай дұрыс қолдануға болады?

Дәйексөз:
- Қазақтың ірі рухани тұлғасы Ш. Құдайбердіұлының
- Талаптан да, білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз, болады ақыл тұл - деген сөзін тақтаға жазып мағынасын түсіндіру
-
Дәптермен жұмыс:
Дәптерде берілген тапсырманы орындап жария ету

Тапсырма:
Мақал мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып айту,
Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы.
Оқу инемен құдық қазғандай.
Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.
Білімдіге дүние жарық.
Оқымасаң білім жоқ

Ойын:
Оқушылардың білім туралы мақал – мәтелдерді білуін байқау мақсатында Алғырлар мен Білгірлер ойыны ұйымдастырылады
1. Ақыл тозбайтын тон, (Білім таусылмайтын кен)
2. Білімдіге дүние жарық, (Білімсіздің күні ғаріп.)
3. Білім – арзан, (Білу – қымбат.)
4. Оқу білім бұлағы, (Білім - өмір шырағы )
5. Оқысаң озарсың, (Оқымасаң тозарсың)
Шығармашылық жұмыс:
Білім әлемі тақырыбына коллаж жасау немесе әңгіме жазу.

Жүректен жүрекке.
Балалар шеңбер құрып тұрып бір – біріне жақсы оқу мен білім алу арқылы болашақта үлкен маман иесі болуына сенім білдіру арқылы Д. Әлімжановтың өлең жолдарын оқиды
Білім іздесең,
Кітаппен таныс,
Еңбегің еш болмайды.
Ақыл іздесең, Адаммен таныс,
Өнерің кеш қалмайды.

Әлеует:
А. Хамза ұлы Үміт
Соңғы тыныштық сәті:


Скачать


zharar.kz