Сабақтың тақырыбы:Мұқағали Мақатаев “Фантазия”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың қазақ ақыны, біртуар тұлғасының бірі – Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде түсінік бере отырып, жас буынды поэзия нәрімен сусындату.Мұқағали өлеңі арқылы қазақ ауыз әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілерінің шындықпен байланысын көрсете отырып, оқушы дүниетанымын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушының өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге одан әрі дағдыландыра отырып, ізденушілік қабілетін дамыту.Өлеңді құрылысын талдата отырып, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік: Оқушыларды поэзияны сүйе отырып, өз халқының бай мұрасын құрметтеуге баулу.
Отанын шексіз сүйіп, қадірлей білуге баулу.
Сабақтың типі:жаңа сабақ
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, талдау, ізденушілік, сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау, шығармашылық жұмыс
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, әдебиет теориясы
Көрнекіліктер: слайдтар, буклеттер, плакаттар, ақын портреті
Сабақтың эпиграфы:
Ойлы жас!
Өлең менің сырласымдай,
Сырлассам да құмарым тұр басылмай.
Айтып өткен ақында арман бар ма,
Жүрегінің түбіне кір жасырмай
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жаңа сабақты түсіндіру
Ақын өмірі мен шығармашылығына шолу