Жұмекен Нәжімеденов өлеңі

Скачать

Жұмекен Нәжімеденов өлеңі

... Жағып тұр бұталар қып - қызыл шырағын,
Жымыңдап ағады бір ағын -
Көрсем де көп қызыл алманы
алмадым - шыдадым.
Өзімді жеңдім мен - алмауға келгенде,
Бірақ бұл жеңісім - баянды болмады.
Қып - қызыл бір сәуле күн бата бергенде,
Боп - бозғылт ернімде құтырып ойнады.
Бір жанға болып па аз айып -
Бұтақтан үзілді бір алма.
Осындай сәттерде ғажайып,
Бақыт боп сезілер кінәң да...
Көңілім тек күн шыға айықты -
Бір ана таяғын тасқа ұрды;
Бір жігіт алмасыз қалыпты,
Бір қыздың көзінде жас тұрды...

Маңғыстау облысы,
Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебі
3 сынып оқушысы Мейрамгалиқызы Гүлсезим
Сынып жетекшісі Шайпакова Алия


Скачать


zharar.kz