Сан есім. Сабақтың мақсаты

Скачать

Қазақ тілі (3 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Сан есім. Есептік және реттік сан есімдер.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сан есімнен алған білімін жаттығуларда қалай қолданылатынын
тексеру, сан есімдерді түрлеріне қарай талдау арқылы зерттеу, есептік, реттік сан есімдерді бір – бірінен ажырата білуге үйрену, бір – бірінің пікіріне құрметпен қарау.
Күтілетін нәтиже: 1. Сан есім және оның түрлері туралы мәлімет алады.
2. Мәтін, жаттығу ішінен таба алады.
3. Есептік, реттік сан есімдерді бір – бірінен ажыратады.
4. Өздері ереже шығара білуге дағдыланды.
Сабақтың түрі: Сан есімнің түрлерің меңгеру, талдау, анықтау.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ізденіс, баяндау, талдау, т. б.
Көрнекілігі: 3 – сыныпқа арналған электронды оқулық,
интерактивті тақта, суреттер, сауалнама т. б.
Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, дүниетану, бейнелеу өнері, т. б.

Тапсырмалар: І Ұйымдастыру (сабақ мақсатымен таныстыру).
ІІ Есіңе түсір (қайталау), Сын есім және оның түрлерін Кім біледі? ойыны бойынша қайталау.
ІІІ Сынап көр (Сөз таптарымен жұмыс) Есіңе түсір ойыны арқылы сын есім, зат есімдердің ережесін қайталап, мысалдар келтіру.
Анықта ( жаңа сабаққа түсінік алу).
V Іске асыр (жаттығу жұмысы).
VІ Нәтиже. Кім білгір? ойыны.
VІІ Бағалау.

І. Ұйымдастыру. (Психологиялық ахуал)
- Қане, балалар, мені көріп тұрғандар “бір” шапалақ, естіп тұрғандар “екі” шапалақ, көрсетіп тұрғандар “үш” шапалақ ұрыңдаршы. Керемет! Шапалақ даусынан сендердің бүгінгі сабаққа ерекше дайындықпен келгендерің сезіліп тұр.
Сыныптағы оқушыларды түгелдеу. Сабаққа сыныптағы оқушылардың даярлығын тексеру.

ІІ. Есіңе түсір (қайталау)
Кім көп біледі? ойыны бойынша қайталау.
1. Зат есім дегеніміз не?
2. Негізгі зат есім дегеніміз не?
3. Жалпы, жалқы зат есімдер дегеніміз не?
4. Етістік дегеніміз не?
5. Туынды етістік қалай жасалады?
6. Туынды сын есімдер қалай жасалады?
7 Сын есім дегеніміз не?
Жауап берген оқушыларды мадақтап отырамын.

ІІІ. Сынап көр (өткен сөз таптарын қайталау)

IV. Анықта (жаңа сабаққа түсінік алу)

V. Іске асыр (жаттығу жұмысы)
I деңгей
а) Оқулықпен жұмыс:
1. Терең ойлау тапсырмалары
Реттік сан есімдерді есептік сан есімдерге айналдыру. 22 - жаттығу
2. Шығармашылық тапсырмалар
Сан есімнің қай түрі екенін ажырату. 24 - жаттығу
3. Сурет бойынша әңгіме. 25 - жаттығу
4. Ой дамыту. Анаграмманы шешіп, сан есімдердің сұрағына, тыныс белгісіне назар аударту.

ІІ деңгей. Мәтінмен жұмыс (интертақта)
Артық болмас білгенің....
1) Жас нәресте тәулігіне - 18 сағат ұйықтау керек. Балалар - 10 - 12сағат, жас жеткіншектер - 10 сағатқа дейін, үлкендер - 7 - 9сағат.
2) Жаңа туған бала 1минутта 60 рет, 5жастағы бала - 25 - 26 рет; 10 - 17 жастағылар - 16 - 20
рет; үлкендер - 16 рет тыныс алады.
Тапсырма: Осы мәтін ішіндегі сан есімдерді теріп жаз.


Скачать


zharar.kz