Тақырыбы: Көктемгі орманға саяхат
Сабақтың мақсаты: Балаларды көктемгі табиғат ерекшелігін сезінуге үйрету, көктем
мезгілін басқа мезгілдерден айыра білуге тәрбиелеу. Балаларды табиғатты аялай білуге, орманға
барғанда ережелерді сақтауға дағдыландыру. Тақпақ айтып сөздік қорын байыту.
Балалардың белсенділігін арттырып, табиғатқа қамқор болуға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, сиқырлы жолдар, гүлдер, топырақ салынған құмыра,
тұқым.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші:- Қане балалар, біз бір - біріміздің қолымыздан ұстап шаттық шеңберіне тұрайық.
Күннің нұрын сүйеміз,
Ән саламыз күнде біз,
Балдай тәтті достармыз
Әрқашан біз біргеміз.
Тәрбиеші: Балалар сендер орманда жүру ережесін білесіңдер ме?
Балалар:- Орманда шуламау керек.
- Бір - бірінен қалмай жүру керек.
- Айқайлап өлең айтпау керек, себебі құстар, аңдар шошып кетеді.
- Бұтақтарды сындырмау керек.
- Орманға қоқыс тастауға болмайды.
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар, балалар сендер орманда жүру ережесін біледі екенсіңдер. Олай болса мына сиқырлы жолдармен орманға саяхатқа барайық.
- Мына жолдың түсі қандай балалар?
Балалар:
- Мына жол қызыл түсті.
- Бұл түс қай жыл мезгілін білдіреді?
- Бұл түс жаз мезгілін білдіреді.
- Бұл жол ұзын ба, қысқа ма?
- Бұл жол ұзын.
Тәрбиеші:
- Балалар маған күз мезгілінің түсін білдіретін жолды тауып беріңдерші?
Балалар:
- Күз мезгілінің жолы сары.
Тәрбиеші:
- Неге күз мезгілінің жолы сары түсті?
Балалар:
- Себебі күз мезгілінде ағаштардың жапырақтары сары түсті.
Тәрбиеші:
- Мына жол қай түсті?
Балалар:
- Бұл ақ түсті. Бұл қыс мезгілін білдіреді.
Тәрбиеші:
- Бұл жол кең бе, әлде тар ма?
Балалар:
- Бұл жол кең екен.
Тәрбиеші:
- Ал, соңғы жолдың түсі қандай және неге ұқсайды?
Балалар:
- Жасыл түсті. Шөптердің түсі сияқты.
Тәрбиеші:
- Балалар көктем мезгілінде қандай ерекшеліктер болады?
Балалар:
- Жер беті жасыл шөпке толады, құстар ұшып келеді. Адамдар жеңіл, жұқа киінеді.
Ағаштарға бүршіктер шығады. Алғашқы гүлдер бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ
шығады.(Балалар көктем мезгілі жайлы тақпақтарын айтады.)
Тәрбиеші:
- Балалар міне біз орманға келдік. Ормандағы қоқыстарды, құмыраны жинап тазалайық.
Енді отырып дем алайық, құстардың дауысын тыңдайық.(Құстардың дауыстары. )
Сергіту сәтін жасайық.
Балалар:
Жүр көжегім топ - топ бас
Міне былай топ - топ бас
Сұр қасқырым қолың соқ
Міне былай қолың соқ.
Жүр аюым билей ғой
Міне былай билей ғой.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп - теріп алайық
Қалтамызға салайық.
Тәрбиеші:
Балалар аю нені жегенді жақсы көреді?
Балалар: Балды.
Тәрбиеші: Қимылды ойын Аюлар мен аралар деп аталатын ойын ойнаймыз.
Біз көктемде өсетін гүлдерді білеміз.(Слайдтан көктемде өсетін гүлдері көрсету.)
Бүгін сабақта біз де өз қолымызбен құмыраға гүл себеміз.
(Топырақ салынған дайын құмыралар, гүл тұқымдары, су құйғыш.) Балаларға құмыраға гүл тұқымын егіп көрсету, су құю. Балалардың жұмысы.
Тәрбиеші: Ал, балалар енді орнымызға отырайық. Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
Саяхат несімен ұнады?
Балалар:
- Сиқырлы жолдармен жүрдік.
- Ойын ойнадық.
- Гүл тұқымын ектік.
Тәрбиеші:
Балалар, сендер сабақты жақсы меңгеріпсіңдер. Осымен сабағымызды аяқтап ән - күй сабағында
жаттаған Жас дәуірдің түлегіміз әнін айтып, қонақтармен қоштасайық.
Балалар: Қош сау болыңыздар.