Құлақ пен тымақ

Скачать

Сыныбы: 2
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Асқар Тоқмағамбетов Құлақ пен тымақ .
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мысал өлеңмен таныстыра отырып, өлеңдегі негізгі ойды ұғындыру, талдау, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру және белсенді, ынталы оқуға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ізденімпаздыққа, сыпайы, әдепті, арлы болуға, кішіпейіл болуға, адал достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге машықтандыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Зейінін, тіл байлығын, сөздік қорын, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту. Шығармаға талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту;
Әдіс – тәсілдері: қызығушылығын ояту, проблемалық, салыстыру, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену, талдау, ой қозғау, топпен жұмыс, өзіндік жұмыс
Сабақты ұйымдастыру түрі: дамыта оқыту, іздену, зерттеу
Сабақ типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка, математика, өзін-өзі тану
Көрнекілігі: Асқар Тоқмағамбетовтің суреті, кестелер,
Қажетті құралдар: интерактивті тақта, үнтаспа

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қызығушылығын ояту. Үнтаспадан күлкі естіледі.
Ал балалар күлкі естігенде кім есімізге түседі?
Алдар Көсенің өлеңі
Мен Алдармын, Алдармын
Тура жолды таңдармын
Керегі жоқ паңдардың
Жылуы жоқ жандардың
Адалдарды аңдармын
Арамдарды алдармын
Алдар Көсе кім, ол жайында не білдіңдер?

II. Үй тапсырмасын сұрау
Алдар Көсе мен салт атты
Мазмұндау
Ертегіні сахналау
Вен диаграммасы
Алдар Көсе - ақылды, айлакер, зерделі қу, қарапайым халыққа жаны ашыды, мұратына жетіп отырды, тапқыр, сөзге шешен

Бай - сараң, өзімшіл, арам, әділетсіз, халыққа озбырлық көрсетті

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, батыр болсаң жауға найзаң тисін! (Әйтеке би)
Жомарттықтың негізінде үш нәрсе бар: бірі - өз айтқан сөзіңді өзің орындау, екіншісі - әділдікті нұқсан келтірмеу, Үшіншісі - қайырымдылықты есіңе ұстау, ұмытпау
Осы қасиеттердің барлығы кімнің бойында болды

III.. Жаңа сабаққа кіріспе
Үнтаспа Қыз мезгіліндегі ауарайы
Не тыңдап, не сезіндіңдер?
Қыс мезгілі
Қыста адамдар қалай киінеді?

Оқулыққа назар аудару
Жаңылтпашты айту
Қыста құлағым үсіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.
Құлағың үсімес үшін не істеу керек?
Сиқырлы сандар топпен жұмыс. Жаңа сабақтың тақырыбын шығару
а ұ л қ қ
4 2 3 1 5

қ т м а ы
5 1 3 4 2

ы м с л а
2 1 3 5 4

Құлақ пен тымақ..
Мысал

IV. Жаңа сабақ. Құлақ пен тымақ. А. Тоқмағанбетов.
Күн ретін, тақырыпты жазу.
Болжау стратегиясы
Құлақ пен тымақ ойларыңа не келді, не туралы болуы мүмкін?
Оқушы жауаптарын тыңдау
Бұлт мысал өлең.
Мысал өлең деген не??
Жан жануарлар мен өсімдіктерге адамдық қасиет беріп бейнелеу арқылы адамдар ортасындағы жағымсыз қылықтар мен іс әрекеттерді сын тезіне алып, ой пікірді астарлы бейнелейтін уақиғалы өлеңдерді мысал өлең дейміз.
Енді сендер менен не білгілерің келеді?
Оқушылар сұрақтар қояды.
1. Кім жазды?
2. Не туралы?
3. Қай жанрда жазылған?
4. Тымақ қандай болады?

1. Автор жайлы мағлұмат
Асқар Тоқмағамбетов (19. 9. 1905, Қызылорда обл., Терең өзек ауданы, бұрынғы 18партия съезді атындағы кеңшар — 21. 8. 1983, Қызылорда қ.) — ақын, жазушы.
Тоқтағамбетов қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосқан. Оның поэмаларын тақырыбы, түрі жағынан төрт топқа бөлуге болады: кеңшар, ауыл өмірі; елге еңбегі сіңген тарихи адамдарға арналған шығармалары; Отан қорғау, ерлік; халықтар достығы тақырыптары.
Тоқтағамбетов — 19 ғасырда өмір сүрген казак ақындары туралы жазған. Ақынның алғашқы сатиралық өлеңдер жинағы Күлкі сықақ 1929 жылдары басылды. Тоқтағамбетов Әзірет Сұлтан , Семафор ашық , Екі заң атты драмалық шығармалар, Бәріміз де сондай болсақ киносценарий де жазды. 1дөр. Отан соғысы, 3 рет Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

2. Тымақ – мал, аң терісінен тігілетін қыстық бас киім. Төрт сайлы, биік төбелі, мол пішілген маңдайы, екі құлағы және желкені жотаға дейін жауып тұратын артқы етегі болады. Тымақтың сырты. матамен тысталады


Скачать


zharar.kz