Оқушыларды Қазақстанның тектоникалық құрылымы және тектоникалық картаның мазмұнымен таныстыру

Скачать

География пәні мұғалімі Елеуова Ақбала Алдоңғарқызы

Тақырыбы: Қазақстанның геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы
8 - сынып
Мақсаты: Қазақстанның геологиялық даму тарихы және геологиялық даму барысында республика аумағының табиғат жағдайларының бірнеше рет өзгергені жайлы түсініктер беру. Тектоника ғылымы туралы ұғымды қалыптастыру. Оқушыларды Қазақстанның тектоникалық құрылымы және тектоникалық картаның мазмұнымен таныстыру.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар Қазақстанның тектоникалық, геологиялық картасын физикалық картасымен салыстырып, сәйкестендіру арқылы геологиялық даму тарихы мен тектоникалық құрылымы туралы түсінік қалыптасады
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Жеке, диалогтік оқытудағы ЖИГСО әдісі, критерий арқылы стикердің бағалауы, рефлексия парағы
Керекті жабдықтар: Қазақстанның физикалық және тектоникалық картасы, геохронологиялық жер жылнамалық кесте, тест, атлас, бағалау парағы

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Тұлғааралық байланысты орнату.
2. Сыныппен амандасу.
3. Эралар техникасы бойынша 5 топқа бөлу. (Оқушылар Палеозой , Мезозой , Кайнозой , Платформа , Қатпарлықтар тобы бойынша топтасады).

ІІ. Өтілген сабақты қайталау тест сұрақтары:
1. Мезозой эрасының дәуірлері:
A.) Бор, триас, юра
B) Пермь, карбон, девон
C) Силур, ордовик, кембрий
D) Бор, триас, девон
E) Триас, юра, силур

2. Қазақстандағы ең ежелгі бөліктері:
A) Сарыарқа
B) Шығыс Европа жазығы
C) Батыс Сібір жазығы
D) Тұран ойпаты
E) Бетпақдала

3. Ғылымда тау жынысының жасын анықтау әдістері
А) Салыстырмалы, абсолюттік.
В) Абсолюттік, жылдық.
С) Ғасырлық, салыстырмалық.
D) Ондай әдіс жоқ.
Е) Ғасырлық, жылдық.


Скачать


zharar.kz