Білім мен дағдыны қорытындылау, бекіту сабағы

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көпмүшеге көбейту, көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу
Сабақтың мақсаттары:
• көпмүшені көпмүшеге көбейту, көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерін тиянақтау, есептер шығаруға дағдыландыру;
• ойлау - таным белсенділігін, есте сақтау қабілеттерін, шығармашылығын дамыту;
• белсенділіктерін арттыра отырып, іс - әрекет, мақсатқа жету әдіс - тәсілдерін таңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім мен дағдыны қорытындылау, бекіту сабағы.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, тест орындау
Сабаққа керекті құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, тест парақтары, бағалау парақтары, ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған плакат, компьютер.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу;
ә) оқушыларды сабаққа әзірлеу.

2. Үй жұмысын тексеру: №262 (1, 2, 6)
1) 2a4 - 4a3b + 10a2b2 - 3a2b - 6ab2 - 15b3
2) x4 - 7x3 + 13x2y - 6xy3
6) 2x4 + 9x3y + 3x2y2 - xy3 + 12y4

3. Білімді мыңды жығады...(өткен сабаққа шолу)
а) Бірмүше дегеніміз не?
ә) Көпмүше дегеніміз не?
б) Бірмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?
в) Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?

4. Ойлан тап!
a) 2(х+4)=2x+8
b) 5(a - b) 2=10a - 10b
c) (a+b)(a+x)

5. Оқулықпен жұмыс
№263 Көпмүшеге түрлендір:
1) (x - 2)(x+3)+(x+2)(x - 3)=2x2 - 12
2) (a - 1)(a+2)+(a+1)(a - 2)=a2 - 4
3) (a+1)(a+2)+(a+3)(a+4)=2a2 +10a+14
4) (x - 1)(x - 2)+(x - 3)(x - 4)=2x2 - 10x+14

№266 Көбейткіштерге жікте:
1) ax2 - bx2 - bx+ax - a+b=(a - b)(x2+x - 1)
2) ax2+bx2 - bx - ax+a+b=(a+b)(x2 - x - 1)
3) ax2+bx2+ax - cx2 +bx - cx=(a+b - c)(x+1) x
4) ax2+bx2 - bx - ax +cx2 - cx=(a+b+c)(x - 1) x

6. Ұшқыр ойдан - ұтымды жауап (тест)
Тест
1. Көбейтуді орында: 2a(x+y)
A) 2ax - y
B) 2ax+y
C) 2ax+2ay
D) 2ax
E) 2ay
2. Көбейтуді орында: (a+b)(x+y)
A) ax+ay+bx+by
B) ax+ay - bx - by
C) ax+by
D) ax
E) by
3. Көпмүше түріне келтір: (5 - a)(4+a)
A) 20 - a
B) 20+a - a2
C) 20+a2
D) 20 - a2
E) a2
4. Көбейткіштерге жікте: 2a(x+y)+x+y
A) (x+y)(2a+1)
B) (x - y)(2a - 1)
C) (x - y)(1 - 2a)
D) (x+y)(1 - 2a)
E) (2a+1) x
5. Көбейткіштерге жікте: x3+3x2+3x+9
A) (x+3)(x2+3)
B) (x - 3)(x2+3)
C) (x+3)(x2 - 3)
D) (x - 3)(x2 - 3)
E) (x - 3) x
Тест жауаптары:
1. C
2. A
3. B
4. A
5. A

7. Бекіту (Мозайка құрау)
1) 2(m+n)=2m+2n
2) ax+bx=x(a+b)
3) (m - n)(x+y)=mx+my - nx - ny
4) 5a(x+y)+x+y=(x+y)(5a+1)
8. Үйге тапсырма беру: №268, 269, ережелерді қайталау
9. Оқушылардың білімін бағалау


Скачать


zharar.kz