Интеллектуалдық олимпиада Сызу кеңістігінде Компас 3D
Білімділік мақсаты: Оқушылардың ой - өрісін кеңейту, автоматтандырылған жобалау жүйесі
Компас 3D бағдарламасында өз бетімен жұмыс жасауға, ізденуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: Автоматтандырылған жобалау жүйесі Компас 3D бағдарламасымен жұмыс жасау біліктері мен дағдыларын, графикалық сауаттылығын, шығармашылық қабілеттерін.
дамыту, логикалық ойлауын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ақпараттық мәдениетке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютерлер Компас 3D бағдарламасымен, технологиялық карталар, сызу құралдары, геометриялық денелер модельдері.
Жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. 1 Олимпиадаға қатысушыларды таныстыру.
II. Ширату - теориялық білімдеріне шолу.
2. 1 Геометриялық денелер тақырыбына:
А. Ойлан тап ойыны
Б. Фантастикалық аң
III. 1 тур. Тест.( сызу жалпы курсы бойынша)
IV. 2тур. Компьютерлік инженерлік графика (2D жобалау)
V. 3тур. Геометриялық модельдеу ( 3D модельдеу)
VI. Сайыс тапсырмаларына әділқазылар бағасы.
VII. Марапаттау.
Жүру барысы:
II. Ширату - теориялық білімдеріне шолу.
2. 1 А. Ойлан тап ойыны.
Геометриялық денелерді ата?
№ 1. Бұл геометриялық денені осьтен тіктөртбұрышты айналдыру арқылы алуға болады, ол бидонға немесе бөшкеге ұқсайды.
№ 2. Тікбұрышты үшбұрышты ось бойынша айналдырсақ шығатын геометриялық дене, ол қалпаққа немесе сәукелеге ұқсайды.
№ 3. Мына геометриялық денені дөңгелек жартысын ось
бойынша айналдырсақ шығады, онымен кішкене балалар ойнағанды жақсы көреді.
№ 4. Астанадағы геометриялық дене тәріздес салынған бейбітшілік және келісім сарайы?
№ 5. Сіріңке қорабына ұқсас геометриялық дене?
№ 6. Бұл геометриялық дене тоқашқа ұқсас?
Б. Фантастикалық аң
Мақсаты: шығармашылық қабілеттерін дамыту. Кімде қандай кескін шығады? Ауызша суреттеу бойынша фантастикалық аңды бейнелеу.
Шарты: Жануарлар бағына жаңадан аң әкелінген.
Оның кескіні мынадай: денесі – айналмалы конус, оның төбесінде дұрыс үшбұрышты призма; екі жағында шартәрізді екі көзі бар, мүйізі – цилиндр, құлағы жартылай овал пластина, аяқтары биік-биік параллелипипедтер.
Бағалау шкаласы: ең жоғарғы - 10 балл.
III. 1 тур. Тест.( сызу жалпы курсы бойынша)
IV. 2тур. Компьютерлік инженерлік графика (2D жобалау)
V. 3тур. Геометриялық модельдеу ( 3D модельдеу)
VI. Сайыс тапсырмаларына әділқазылар бағасы.
VII. Марапаттау. Қорытынды.