Топтағы оқушылардың пікірін тыңдау

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев
Сілтеме: Ана тілі. Жалпы білім беретін мектептің 4 - ші сыныбына арналған оқулық. Алматы Атамұра 2011жыл
Жалпы мақсаты: Оқушыларға ақын туралы түсінік беру. Өлеңнің мазмұндық – идеялық мәнін ашуда сыни ой айтуға жетелеу.
Міндеттері: Мазмұнын түсіну, идеясын ашуға мүмкіндік беру.
Оқушы үнін тыңдау және талантты, дарынды оқушыларды анықтау.
Оқу нәтижесі: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады.

Тапсырмалар: 1. Сынып ережесін құру.
2. Топтық жұмыс.
3. Түсіну - оқулықпен жұмыс
4. Қолдану – шығармашылықпен жұмыс
5. Талдау - әр топқа тапсырмалар.
6. Жинақтау – әңгіменің негізгі идеясын ашу тапсырмалары
7. Бағалау - Рефлексия
Дерексөздер, жабдықтар: Интерактивті тақта, суреттер, бояу, қарындаштар, постер, үлестірмелі материалдар, стикерлер, АКТ желісі.
Оқыту әдістері Жаңа әдістер.
АКТ
Ой шақыру, миға шабуыл.
Оқыту үшін бағалау.
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Жұптық жұмыс
4. Топтық жұмыс

Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Оқушылармен шеңберде тұрып амандасу.
Қол ұстасып құрайықшы,
Шаттық шеңбер бәріміз.
Күлімдесіп тұрайықшы,
Жарассыншы сәніміз.
- Арайлап атқан әр таңымыз, қуаныш пен бақытқа толы болсын!

3. Топқа бөлу.
Сынып ережесін құру.
1. Сабақтан қалмау, кешікпеу.
2. Топтағы оқушылардың пікірін тыңдау.
3. Ойымызды еркін, тиянақты баяндау.
4. Келесі топтың ойын тыңдау.
5. Уақытты үнемді пайдалану.
Әр топқа А - 3 қағазы беріледі.
Топтар жұмыстарын қорғайды.

Үй тапсырмасын тексеру
Өрмекшінің торы әдісі бойынша сұрау.
Нан туралы өлең. Кәрім Сауғабаев

Үй тапсырмасын қорыту.
О, адамдар! Кең пейілділер!
Бір дән жатса жолда,
Ұлылықпен еңкейіңдер!- дегендей оқушылар, ас атасы нанға құрметпен қараңдар.

Жаңа сабақ.
Ой шақыру әдісі
Жыл мезгілдері туралы жұмбақ шештіремін.
1. Қар кетіп, қыр көгерді,
Қыс қиқуы көбейді.
Жерге дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді.(Көктем)
2. Күн ысып, су жылынып,
Егін басын тұр иіп.
Жеміс тердік бақшадан,
Жеңімізді түрініп.(Жаз)
3. Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.(Күз)
4. Сұлық жатыр ақ дала,
Сирек жортқан аң ғана.
Көтеріп бір аяғын,
Қаздарым тұр аулада.(Қыс)
Ендеше бүгін біз Ескен Елубаев ағамыздың Жыл мезгілдері деген өлең жолымен танысамыз.


Скачать


zharar.kz