Өз тәжірибемде қандай да бір жаңашылдық көрсетуде мен Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету , Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер , Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау , Оқытуды басқару және көшбасшылық , Талантты және дарынды балаларды оқыту , Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу әдістерін қолдануға тырыстым.
Дәстүрлі сабақтарымда 4 - 5 оқушы ғана қатысып, қалған оқушыларға сабақ мүлдем қызықсыз болып көрінетін. Сондай - ақ таң қаларлық жағдайлар аз немесе мүлде жоқ болатын.
Ал, жеті модульді қолдана отырып өткізген сабақтарымда үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығы артып, оқушылар өз ойларын ашық жеткізе алатындығы байқалып отыр..
Алғашқы сабақтан бастап оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамытатын түрлендірілген тапсырмалар қолданамын.. Бұл тапсырмалар оқушылардың әрбір ақпаратты меңгеруіне, сондай - ақ басқаның шығармашылығына сыни қарауына бағытталып отырады.
Дәстүрлі сабақтарды топқа бөлініп жұмыс істеп үйренбеген оқушыларға топтық жұмыс жүргізуде алғашында қиындықтар туындап жатты. Алғашында сабақтың топтық жұмыс түрінде өтетінін естіген кезде олар қарым - қатынастарына қарай бөліне бастады. Бұндай кезде оқушылар арасында түсініспеушіліктер де болып жатты.
Сондықтан оқушыларды түрлі әдіс - тәсілдермен топқа бөлдім. Топтық жұмыста оқушылар бір - бірінен үйреніп, бірін - бірі тәрбиеледі десем де болады. Себебі оқушылардың әрқайсысы өз тобы үшін намысқа тырысып, бір - біріне көмектесуге тырысты.