Қыс мезгіліндегі іздер
Сабақтың мақсаты: а) оқушыларға қыс мезгіліндегі құбылыстар туралы түсінік беру.
б) қоршаған ортаның тылсым сырларын қызықтыру, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
в) көз алдына елестете білу қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: жануарлар, құстар суреті, сызба, сөзжұмбақ, ою - өрнектер.
Әдісі: сабақ ұғымын баяндау, сұрақ - жауап, топтарға бөлу.
Түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау.
Сыныптағы оқушылар алдын ала топтарға бөлінген. Топтарға жеке сұрақтар беріледі.
1 - топ. Қыс мезгілінің айларын ата.
2 - топ. Қыс туралы қандай өлең, тақпақ білесің?
3 - топ. Қандай жануарларды білесің?
Туған ауыл сөзжұмбағын шешу.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Қазақ елін, жерін бүкіл дүние жүзіне танытқан қандай суретші? (Ә. Қастеев.)
2. Қай жылы, қай жерде дүниеге келді?(Талдықорған обылысы, Жаркент ауданы, Шежін ауылы 1904 жылы, 1 қаңтар.)
3. Бейнелеу өнерінің қандай түрлерін білеміз?
4. Олай болса бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы Сәндік өнері , соның ішінде Қыс мезгіліндегі қардағы өрнектер деп аталады.
- Қыста түнімен жауған қар бетіне көз салсақ, ондағы жануарлар мен құстардың іздерін көре аламыз. Қазақ халқы жануарлар әлеміне ерекше көңіл бөлген. Сондықтан да болар, халқымыз әрбір
жануардың дене бітіміне, жеке ерекшелігіне ұқсатып өрнек құрастырған. Қазақ халқының қол -
өнері ерте кезден пайда бола бастаған. Мұны киіз үйдің ішкі көріністерінен толық көруге
болады. Ол сандықта, сырмақта, көрпешеде, киіз текеметтерде кездеседі.
Олай болса, өрнектің сырын тыңдап көрелік. Оюхан мен Жоюхан аңызы.
- Біз қар бетіне түскен іздерді көз алдымызға елестетіп, өрнек құрастырайық. Суретпен жұмыс
жүргізу. Оның жеке элементтерін жан - жануарлардың қай дене бітіміне ұқсайтындығын сұрау.
ІV. Ұжымдық жұмыс.
1 - деңгей. Қошқар мүйіз оюы туралы түсініктерін топтастыру.
2 - деңгей. Қошқар мүйіз оюы бойынша жұмыс жүргізу.
3 - деңгей. Қошқар мүйіз оюының толық түрі бойынша жұмыс жүргізу.
V. Сергіту сәті.
Натюрморт сөзжұмбағы.
VІ. Шығармашылық жұмыс.
1 - деңгей. Жан - жануарлардың адамға пайдасы туралы шағын әңгіме.
2 - деңгей. Жан - жануарлар, табиғат, табиғат мезгілдері туралы мақал - мәтел, тыйым сөздер жазу.
3 - деңгей. Ою - өрнектердің қазақ тұрмысындағы маңызы туралы әңгіме.
VІІ. Қорыту.
Табиғат туралы суреттерді көрсете отырып, сабақты қорытындылау.
- Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ,- деп ақындар жырлағандай, біздің табиғаттан үйренеріміз әлі
көп, сондықтан табиғатты аялайық. Ондағы аң - құстарды, жан - жануарларды, өсімдікті аялап, оның жоғалмауына септігімізді тигізейік.
VІІІ. Бағалау.
ІX. Үйге тапсырма. Жануарлар, құстар тектес өрнекке қатысты өздері