Көңіл - күй одағайлары

Скачать

Атырау қаласы,
№35 мектеп-гимназиясы,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Темірғалиева Ағила Серікқызы
Сабақтың тақырыбы: Одағайдың түрлері
Мақсаты:
Білімділік: Одағай, оның түрлері, жазылуына жаттығу,оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жүргізуі, диалог, білім мен дәстүрді ұштастыру.
Дамытушылық:Синтаксистік талдау, одағайды тауып, түрлеріне қарай талдай білуі, шығармашылықпен айналысуы, дауыс ырғағы орфоэпия заңдылығына сай одағайлы сөйлемді айта алуы, мәнерлеп оқу.
Тәрбиелік: Үлкенді сыйлау, құрметтеу, ата-баба мұрасын қастерлеу, кітап оқуға құштарлығын арттыру.
Көрнекілік: Білім мен дәстүр ойын,кестелер.қоржын, асықтар.
Әдісі: практикалық шығармашылық жұмыс, сұрақ-жауап, әңгіме т.б
Түрі: аралас сабақ (театрланған, диалог)

Барысы: Үй тапсырмасы Білім мен дәстүр ойыны арқылы тексерілмекші.
Шарты: қоржындағы асықтарды суырып, осы сұрақтарға дұрыс жауап беруі тиіс.
1) –Жеті қазынаны ата (жүйрік ат, құмай тазы, алғыр қыран, түзу мылтық, қара қазан, алмас кездік, шаңырақ)
2) – Наурыз жырына байланысты одағайы бар өлең жолдарын айт. ( одағай болсын)
-Наурыз келді,балақай ,
Алақай-ау, алақай!
II - Арзан не,қымбат не, дауасыз не? (Арзан-өтірік, қымбат-шындық, дауасыз-кәрілік)
- Үлкен адаммен амандасқан кезде қай одағайды қалай пайдаланар едің? (Ассалаумағалейкум, сәлеметсіз бе?)
III Тұсаукесер жырын айта аласың ба?
- Қаз-қаз балам, қаз балам!
Қадам бассаң, мәз болам.
Тұсауыңды кесейін,
Күрмеуіңді шешейін
Мақал-мәтел
Ақыл тозбайтын тон, білім таусылмайтын... (кен)

IV- Дүниеде не адал, әлемде не мықты?
- Адал болсаң - судай бол,су арамды кетіреді,
Мықты болсаң - жердей бол, жер жиһанды көтереді.
- Бесік жырынан одағайға мысал келтір.
- Әлди-әлди, бөбегім,
Әлдилесін өлеңім.
Көңіл-күй одағайлары: Алақай...
Жекіру одағайлары: ...
Шақыру одағайлары: ...

Сабақтың өн бойында осы таблица толтырыла береді,әр кездескен одағайлар жазыла береді.
Үй тапсырмасының II бөлімі.Үйге одағайға байланысты өлеңдер ,диалогтар жаттап келу тапсырылған соны тыңдайық. (дауыс ырғағына мән беріледі)
Одағайлар – ертегіде Қаңбақ шал ертегісі бойынша
- Әй, кемпір! Ертең дәулер қонаққа келеді.
- Ойбай, немізді береміз?
- Тәйт! Ойбайламай:- Үйде ет жоқ,нені асамыз?- десең болды. (дәулер келеді)
Кемпір:- Ойпырым-ай, шал-ай, нені асамыз,үйде дым жоқ?
- Түу, сол да сөз боп па, басқы дәудің басын, ортаңғы дәудің төсін ас,болмаса, досым дәудің өзін ас!
Дәулер:- Астапыралла, қашайық! (бәрі шығып кетеді)

Жалпы түсінік. Одағайды күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген.Мысалы, бір ғана тәйт! деген одағай сөз баланың артық кеткен ісіне тыйым салған. Оны бала түсіне қойып, өз қателігін қайталамауға тырысқан.
Тақтадағы өздерің толтырып шыққан кестеге мән берелік. Жазылуына көңіл аударалық.Сөйлемнен соң леп белгісі, кей жағдайда одағайдан кейін де ,сөйлем соңынан да леп белгісі қойылады.
Одағай түбір күйінде тұрып сөйлемнен оқшауланады, яғни сөйлем мүшесі бола алмайды. Тек қана жалғау, жұрнақтар қабылдап барып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

Одағайдың басқа сөз таптарынан ерекшелігі:
1 толық лексикалық мағынасы жоқ
2 сөйлемдегі басқа сөз таптарымен байланысқа түспейді,оқшау тұрады.
3 белгілі бір сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды.
4 одағай түрленбейді.
Көңіл-күй...
шақыру...
жекіру...
тұрмыстық...
өз қатарына жаз.
Пай-пай! Түу! Пәлі! Бәсә! Әп-бәлем! Мәссаған!Ә! Ойпырым-ай! Алда-ай! Әй! Оллаһи-беллаһи! Моһ-моһ, шөре-шөре, сорап-сорап, көс-көс, шәуім-шәуім, әукім-әукім, Айтақ! Әй! Ей!Тәйт! Жә! Сап-сап! Марш! Стоп! Кәне! Тек! Тәк! Мәлік келгір! Хош! Хайыр! Рахмет! Кеш жарық! Ассалаумағалейкум! Құп! Ләббай!

316-жаттығу Одағайларды тауып түрлеріне ажырату.
Одағайды сен тап, басқасын біз айталық!
1 ... келгенің жақсы болды ғой! 2 ...Айдос, бері қарашы! 3 ... сен не істеп қойғансың?! 4 ...Жауыннан бұрын кетіп қалмаған екенбіз! 5 ... нағыз әнші мұнан шықты, міне! 6... ондай сөзді айтпа! 7 ... осынша кешіккендерің-ай! 8...Беріктің бет-аузын қара!

Терме диктант
Ой, аррам қат, аррам қатқыр! Танау құрт келгір! Ойбай-ау, енді қайтейін, ойбай! Құдайы құрғыр, қу құдай! Әй, иттің ғана малы-ай, шашымды ағарттың-ау, ойбай! (С. Мұқанов)
- Оһо, қарашы ата!
- Бәрекелді! Міне, нағыз жігіт!
Сабақ қорытындыланып, бағаланады.
Үйге тапсырма: Диалог құру( одағайға)
317-жаттығу.Көркем әдебиеттен одағайдың түрлеріне мысалдар жазып келу, тыныс белгісін түсіндіру.


Скачать


zharar.kz