Керемет дерттер төиіп, Кең кеудеде кетті ғой кектер сөніп

Скачать

Мұқағали Мақатаев

Дейсіңдер - ау! Қасымның несі басым?!
Қасым солай болмаса, несі Қасым,
Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің
Әммесінен Қасымның десі басым.
Қуат алып жырына бәз - даладан,
Ол жанған.
Күні жоқ - ты маздамаған!
Өлісінде өнеге болғаны анық,
Тірісінде біреуге жазған Адам...
Жалын жұтып, жанын жеп жазған құрлы,
Өлеңінің өлмеуін арман қылды.
Тасқа басып қалдырды тәкаппар жан,
Қан менен жас аралас тарлан - жырды.
Жеді.
Тынды...
Керемет дерттер төиіп,
Кең кеудеде кетті ғой кектер сөніп.
Қасым деген - қалғыған жанартау ғой,
Жанартау ғой.
Жанды да кетті өртеніп.
Бір күй бар домбырамда...
(Иесі Қасым)
Қасым солай болмаса, несі Қасым!?
Жыр бәйгеге аттанған адам болса,
Сөредегі Қасымын есіне алсын!..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2


Скачать


zharar.kz