Тақырыбы: Біз Медеуге барамыз
1 - сынып
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары 1. 1. 5. 1 Қимыл - қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап арқылы тыңдаған көрген мәтінді түсінгенін беру
1. 2. 4. 1 Шағын мәтінді қарапайым оқиғаларды мазмұндау
1. 4. 4. 1 Бас әріптер мен кіші әріптерді бір - бірімен дұрыс байланыстырып жазу; санитарлық - гигиеналық талаптарға сай жазу.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:
Медеу мұзайдынына баратынын және онда не істейтіні туралы (коньки тебемін) айта алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Қазақстанның басқа да көрікті жерлерін айта алады, тақырып көлемінде Медеу мұзайдыны туралы ақпарат бере алады.
Кейбір оқушылар:
Сабақта үйренген материалды өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.
Қазақстанның көрікті жерлері туралы қосымша ақпарат бере алады.
Бағалау критерийі
1. Берілген түстерді ажыратады
2. Суреттер бойынша көрсете алады
3. Мұз айдыны жайлы біледі
4. Сөздердің мағынасын түсінеді.
5. Күнделікті өмірде қолданады
Сабақтың басы (2 - 5 минут)
(МК) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру.
Сабақтың ортасы (6 - 40минут)
(МК, Ұ) Мұғалім оқушылардың назарын оқулықтағы 1 - тапсырмада берілген суретке аударды. Сурет бойынша оқушыларға Медеу сөзінің мағынасын түсіндіреді. Медеу мұзайдынының еліміздегі көрікті жерлердің бірі екені туралы, сондай - ақ онда коньки тебуге болатынын, қыста тауда шаңғы тебуге болатыны туралы ақпарат береді.
(МК, Ұ) 2 - тапсырма арқылы оқушылар Медеу мұзайдыны туралы мәтінмен танысады. Мәтінді тыңдайды, қайталайды. Мәтін арқылы Медеудің
Алматы қаласында орналасқанын, оның үлкен, әдемі екенін және онда коньки тебуге болатыны туралы біледі.
(МК, Ұ) 3 - тапсырмада берілген сөйлемді (Ол... тебеді.) толықтырып айту арқылы тебеді сөзін коньки, шаңғы, велосипед сөздерімен байланыстыра қолдануға көңіл бөлінеді.
Есте сақта! айдары бойынша мұғалім тебемін сөзінің болымды, болымсыз түрде қолданылуын түсіндіреді. Оқушылар коньки сөзін шаңғы, велосипед сөздерімен алмастыра қолдануға жаттығады.
(Ж) 4 - тапсырмада оқушылар жұппен жұмыс істейді. Оқулықта берілген сөйлесу үлгісі тыңдалады, қайталанады. Оқушылар берілген үлгі бойынша сөйлеседі.
Үлгі:
- Сен қайда барасың?
- Мен Медеуге барамын.
- Сен не істейсің?
- Мен коньки тебемін
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.
(Ө). Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады. Сондай - ақ АКТ - ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Сабақтың соңы (41 - 45 минут)
(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызған туралы ой – пікірлерін білдіре алады.
Біз Медеуге барамыз жүктеу