Төлеш ағай

Скачать

Тақырыбы: Асыл жанды, ардақты ұстазым мен қарттарым
Мақсаты: Оқушыларды ұстаздар қауымен қарттарды құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Ұстаз еңбегінің ұшан теңіз екенін ұғындыру.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1 - жүргізуші:
Армысыздар, құрметті қонақтар, ақ жаулықты аналар мен ардақты қариялар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Көңілашар бағдарламасына қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті ағайын! Баршаңызға келген қадамдарыңызға сәттілік тілеймін!
3 - жүргізуші:
Бүгінгі студияда мен Мәлік, Айшолпан және Дулат. Алдағы 45минут ішінде сіздер Асыл жанды, ардақты ұстазым мен қарттарым атты бағдарламамен танысасыздар.
1 - жүргізуші:
Бүгінгі біздің тақырыбымыз ұстаздар мен қарттар жайында болмақ.
2 - жүргізуші:
Студия қонақтарына қоятын сұрақтарыңыз болса жазбаша және ауызша түрде қоюға болады.
3 - жүргізуші:
Сонымен алғашқы қонағымыз аудандық оқушылар үйінің психологі Мырзабаев Төлеш ағай.
1 - жүргізуші:
Қош келдіңіз Төлеш ағай! Көңіл - күйіңіз қалай? Қалай жеттіңіз?
Жақсы, сонымен алғашқы қонағымыз Төлеш ағай таныс болыңыздар!
2 - жүргізуші:
Төлеш ағайға қоятын сұрақтарыңыз болса жазбаша, ауызша түрде хабарласыңыздар!
3 - жүргізуші:
Алғашқы сұрағымыз сіз ең алғаш еңбек жолыңызды қайда бастадыңыз және қай мектептен бітірдіңіз?
Енді осы қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздықты таңдайыңызға не себеп болды?
Сол жайында айтып өтсеңіз.
1 - жүргізуші:
Төлеш ағай ұстаздық жолы әрине қиын жол осы жайында біздің көрермендерімізге кеңірек айтып өтсеңіз.
2 - жүргізуші:
Сізге сұрақ қоюшы оқушы бар екен, сұрағын тыңдайық.
Сұрақ: Өзіңіздің алғашқы ұстазыңыз туралы және ол кісі туралы мақтана аласыз ба?
3 - жүргізуші:
Рахмет, бүгін біздің студияға келіп, ой бөліскеніңізге. Біздің бағдарлама арқылы көрермендерге сәлем жолдасаңыз
1 - жүргізуші:
Енді кезекті әнге берсек.

2 - жүргізуші:
Қазір жергілікті уақыт 10 - 00 Келесі қонағымыз, ақ жаулықты анамыз ______анамызда студиямызға келіп үлгерді. Біздің келесі қонағымыз зейнеткер, ақ жаулықты анамыз және әжеміз ____
Апай, қош келдіңіз! Қалай жеттіңіз? Үйдегі кішкентай немерелеріңізден шығу мүмкіндігі
қалай болды?

3 - жүргізуші:
Ал,_______апай бүгінгі біздің тақырыбымыз Асыл жанды, ардақты ұстазым мен қарттарым деп аталады. Өзіңіздің еңбек жолыңызда болған қиындықтар мен қызықтар жайлы айтып өтсеңіз?
1 - жүргізуші:
Жақсы. Енді, тілшіміз көріп қайтқан үйірме мүшелерінің мерекеге арналған құттықтауларын бірге тамашаласақ.
2 - жүргізуші:
Рахмет. Сізге хабарласқан көрерменіміз бар екен, сұрағын тыңдасақ..
Аты - жөніңізді таныстырып өтсеңіз?
Сұрақ: Сіз зейнеткер болғандықтан үйде келіндеріңіз ақыл сұрап отыратын шығар, келіндеріңізге қандай ақыл айтып отырасыз?
Әжемізден қонақ кәде сұрасақ
3 - жүргізуші:
Көрермендерге қандай тілегіңіз бар? Тыңдайық. Сізге үлкен рахмет айтамыз. Алдағы уақытта немерелеріңіздің қызығын көріп, солардың ортасында ең бақытты әже болып жүре беруіңізге тілектеспіз.
1 - жүргізуші:
Рахмет, қош сау болыңыз!
2 - жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, қазіргі орындалар ән сіздерге арналады.
Ән:____орындайтын____
3 - жүргізуші:
Әдемі әннен кейінгі қонағымызбен таныс болыңыздар. Аудандық оқушылар үйінің шебер қолдар үйірмесінің жетекшісі Өскелеңов Самат ағай. Қош келдіңіз, көңіл - күйіңіз қалай? Самат ағай сіз біздің білім ордамызға келгелі ______жыл болды. Осы аралықта қолөнер үйірмесі бойынша еңбегіңіз шексіз. Енді, қандай оқу орнын бітірдіңіз? Қолөнермен айналысуға кімнің ықпалы болды?
1 - жүргізуші:
Ұстаз еңбегінің зор екенін қалай дәлелдейсіз?
2 - жүргізуші:
Осы ретте біздің тілшіміз ________жалпы көрермендермен сұхбаттасқан еді. Соған көңіл бөлейік.
Сұрақ: Оқушылар үйінде сізге қандай үйірмелер ұнайды?(2 - 3оқушыдан сұрау)
Сұрақ: Болашақта қандай мамандықты таңдар едіңіз? (2 - 3оқушыдан сұрау)
3 - жүргізуші:
Ал, Самат ағай әңгімемізді әрі қарай өрбітер болсақ, сіз осы уақытқа дейінгі жетістіктеріңізді айтып өтсеңіз?
1 - жүргізуші:
Біздің тілшілеріміз дәл осы атпен тәрбие сағатымыздың куәгері болған еді. Соны тамашалайық.. Көңілді тапқырлар клубы.
2 - жүргізуші:
Міне ұстаз туралы қандай теңеу айтсақ та жарасады. Сіз өзіңіздің ұстаздарыңызды мақтан тұта аласыз ба?
3 - жүргізуші:
Рахмет, ағай. Сізге алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз.
1 - жүргізуші:
Өзіңізді тек өмірдің биігінен көрейік. Көрермендерге игі тілегіңіз.
2 - жүргізуші:
Міне, Құрметті көрермендер, біздің бағдарламамыз аяқталып келеді.
3 - жүргізуші:
Әрбір күндеріңіз сәтті болсын!
Келесі кездескенше күн жақсы болсын!

Келесі тыңдалар ән:_______


Скачать


zharar.kz