Қазақ тілі 8 сынып
Авторы: С. Дюсебаев, Г. Байтилеуова, А. Кошкари, Г. Боранбаева
Баспа: Алматы, Мектеп - 2012
Сабақтың тақырыбы: Ескен Елубаевтың өмірі және шығармашылығы. Күрделі сөздер
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ балалар әдебиетіне өзіндік үлес қосқан ақынның бірі - Ескен Елубаев туралы мәлімет беру.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға күрделі сөздер туралы түсінік беру;
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне, ой ұшқырлығына баулу;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды ақынның шығармалары арқылы әдептілікке, ізгілікке, парасаттылыққа, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу:
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау. сұрақ - жауап, сөздік жұмыс, Сабақтың көрнекілігі: Ескен Елубаевтың портреті, кестелер, қосымша материалдар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
Сабаққа дайындықтарың қалай?
Бүгін кім кезекші?
Бүгін нешісі?
Аптаның қай күні?
Сыныпта кім жоқ?
II. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге қандай тапсырма берілді?
Үйге ереже, жаңа сөздерді жаттау. Қастек Баянбаев туралы мәліметтер жазып келу.
III. Жаңа сабақ: Ескен Елубаевтың өмірі шығармашылығы. Күрделі сөздер.
IV. Күрделі сөздер
- Оқушылар, осы уақытқа дейін балалар әдебиетіне үлес қосқан қандай ақын - жазушылармен таныстық?
- Оқушылар, бүгін біз сендермен қазақ балалар әдебиетіне үлкен үлес қосқан ақын - жазушылардың бірі - Ескен Елубаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысамыз.
1 - тапсырма. Ескен Елубаев өмірі, шығармашылығы, жетістіктері, оқу, аудару.
Ескен Елубаев - 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №529 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ - дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 1966 жылдан бастап Қазақстан пионері (қазіргі Ұлан ) газетінде, Жалын , Өнер , Балауса баспаларында, Балдырған журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген. Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық Ара журналында жариялайды. Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. Балабек , Асар пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. Саған күшік керек пе? кино - фильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген.
• Көк жейде. Өлеңдер. А., Жазушы , 1967;
• Көкпар. Өлеңдер. А., Жазушы , 1970;
• Баламысың деген. Өлеңдер. А., Жалын , 1981;
• Өжет. Пьесалар, тақпақтар. А., Өнер , 1984;
• Кто сильнее? Стихи. А., Жалын , 1984.
Негізінде балаларға арнап жазады. Оның Болатбек пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған. Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Ұлттық Астана - Бәйтерек конкурсының екі дүркін бірінші жүлдегері (2007 — 2008), Халықаралық Дарабоз бәйгесінің екінші жүлдегері (2008). Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл медалімен марапатталған, Мемлекеттік грант иегері. Қазір зейнеткер.[
Сөздік
Көрші - қолаң – соседи
Қарым - қатынас – взаимотношения
Бала - шаға – домочадцы
Оқтын - оқтын – временами
Түйкқұс - страус
Тасбақа - черепаха
Темірқазық - Полярная звезда
2 - тапсырма. Сөйлемдерді оқып, күрделі сөздерді анықта.
Асан күні - түні жұмыс істейді. ҚР – тәуелсіз мемлекет. Түйеқұс - ең үлкен құс. Ата - ана қуанышы – бала. Майраның шашы қап - қара. АҚШ - та биыл ауа райы суық. Оқтын - оқтын қар жауып тұр. Алматыда жиі - жиі жаңбыр жауады. Итмұрын мен қарақат – емдік жидектер. Жетіқарақшы мен Темірқазық – жұлдыздар. Боксшылар жекпе - жекке шықты.
ШҚО, Семей қаласы №10 ЖОББМ КММ
Токымтаева Ақбота Ғалымқызы
Ескен Елубаевтың өмірі және шығармашылығы. Күрделі сөздер. жүктеу