Павлодар қаласы,
№19 жалпы орта білім беру мектебінің
қазақ тілі пәні мұғалімі Каденова Ж. Ж.
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Шылаудың түрлерін қайталау.
Сабақтың мақсаты: Шылаудың түрлерін қайталау, тақырыпты пысықтай түсу.
Күтілетін нәтиже: шылау тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталайды, пысықтайды, өрбітеді;
ҰОС батырларын және олардың ерлік қасиеттерін еске алады.
Сабақ кезеңдері
Мұғалімнің іс - әрекеті
I. Бағдарлау – мотивациялықкезең.
Ұйымдастыру, психологиялық даярлық.
Жаңа әдіс тәсілдер Сыныпты жұлдызшалардың түрлеріне қарай 4 топқа бөлу:
Психотренинг: а шеңбер жасап топ әр тілде амандасады..
Жеңіс күні бейнеклип.
ә Үй тапсырмасын тексеру: эссе Жеңіс күні .
б Білген сайын келеді біле бергім
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,
Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.
Сондықтан да келеді біле бергім, - деп А. Тоқмағанбетов ақын жырлағандай, сендер де ақынның ойымен келіседі деген үміттемін. Сондықтан да бүгінгі сабақта білгенімізді пысықтап, тағы да бір сатыға жоғарылайық.
II. Операциялық – орындаушылықкезең
Зерделі сұрақ, дәлелді жауап! Қар кескіні стратегиясы
Сергіту сәті: Бұл қай батыр?
1) а, л, т, ғ, а, т.
2) м, к, л, і, ә.
3) и, я, л, ә.
4) б, у, ж, а, а, н, ы, р.
5) ә, м, н, ш, к, ү.
Жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар.
Майданнан хат: Жеке және топтық жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар.
Майданнан хат тапсырмалары:
І топ тапсырмасы: Шылау тақырыбына кластер жасаңдар;
ІІ топ тапсырмасы: Сурет бойынша шылауларды қатыстырып сөйлемдер құраңдар;
ІІІ топ тапсырмасы: І - деңгейлік тапсырма.
Төмендегі сөйлемдерді жаз, шылауларды тауып. тыныс белгілеріне назар аудар.
Ыстықта мал да жайыла алмады.
Ауылға барғанда суға түстің бе?
Жандосқа бұл жөнінде айтылды ма?
СТО 15 минут Жас еркешеліктері Дарынды және талантты АКТ
ІІ - деңгейлік тапсырма.
Ма(ме), па(пе), ба(бе) шылауларын қатыстырып сөйлем құрап жаз.
ІІІ - деңгейлік тапсырма.
Мақал – сөз мәйегі шылаулар қатысқан мақал - мәтелдер табу
IV топ тапсырмасы:
1) Баяндаңыз (Шылау туралы айту)
2) Қолданыңыз (Шылауға сөйлем құрау)
3) Салыстырыңыз (Басқа сөз таптарымен салыстыру)
4) Топтастырыңыз (Шылаудың негізгі белгілерін айту)
5) Зерттеңіз (Шылаулар туралы қандай еңбектер бар екенін ғаламтор жүйесі арқылы анықтау)
6) Қорытынды жасаңыз (Шылаулардың түрлерін айтып, мысалдармен дәлелдеу)
2. Ойлан тап ҰБТ - да кездесетін тест сұрақтары
Қар кескіні сұрақтары:
1. Көп нүктенің орнына тиісті шылауларды қой
1) Отан … отқа түс – күймейсің.
2) Мен әкеммен бірге кешке … жұмыс істедім.
3) Қыста … көктемде күн суық болады.
4) Оның ойлағаны болды, … мәселенің басы шешіле қоймады.
5) Көктемде біресе жаңбыр жауады, … күн ысып кетеді.
2. Семантикалық карта