Тапсырма парағы

Скачать

Зауыттағы авария. Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар.

Мақсаты. Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру. Өз еңбегін бағалау арқылы оқу процесіне қызығушылығын арттыру.
Міндеттері:
Білімділік: Көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды, олардың қасиеттерін, қисықсызықты трапецияның ауданын табу түсініктерін қайталау.
Дамытушылық: Көрсеткіштік және логарифмдік функциялардың қасиеттерін есеп шығаруға қолдану дағдыларын кеңейту.
Тәрбиелік: Еңбектенуге, өз еңбегін бағалауға тәрбиелеу.
Әдісі: рейтинг парағымен жұмыс.

Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру. (1 мин)
Сәлеметсіздер ме, қымбатты оқушылар, қонақтар. Бүгінгі сабақтың тақырыбы Зауыттағы авария. Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар . Петропавл тері зауытындағы жағдаятты қарастырамыз, көрсеткіштік және логарифмдік функцияларды, олардың қасиеттерін қайталап өтеміз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. (3 мин слайд арқылы).
ІІІ. Кіріспе. Оқушылардың білімдерін жандандыру. (6 мин)

1) Ен алдымен Петропавл қаласындағы зауыттарын саны берілген көрсеткіштік теңдеуінің түбіріне тең.
2) Анықталған интеграл арқылы адам тәулігіне қанша ауа тұтынатынын есептейік. (м ³)
3) Ауадағы оттегі мөлшерін анықтаңдар (%).

Осымен сергітуге арналған тапсырмалар аяқталды. Бағалау парағына өздеріңізге сәйкес ұпай қоюларыңызды сұраймын.

ІV. Негізгі бөлім. (15 мин)
Петропавл тері зауыт аумағында апат жағдайы орын тапты, хлор тұрған сыйымды ыдыс жарылған. Сіздердің амалдарыңыз:
1. Өздеріңді қорғау құралдармен жабдықтау.
2. Келесі есептеулерді жүргізу.
Тапсырма парағы.
1. Залалданған аумақтың ауданын (м²) есептеңдер, егер ол келесі қисықтармен шектелген болса.

Математика және информатика пәні мұғалімі
Хусаинова Гульдана Зияфидденовна



Скачать


zharar.kz