1 сынып
Әліппемен қоштасу
Ертеңгіліктің мақсаты:
• Алғаш қолдарына алған білім бастауы болған әліппеден үйренгендерін тиянақтау;
• Әліппеге арналған өлеңдерді жатқа айту арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту;
• Өлең арқылы ойын жеткізуге баулу;
• Оқушылардың өнерін тамашалау, еркін сөйлеуін, есте сақтау қабілетін дамыту, ата – анамен байланысты нығайту. Отанын, мектебін, ұстаздарын, ата – аналарын құрметтеп, эстетикалық талғамдарын кеңейтіп, оқу, білім алуға тәрбиелеу;
Көрнекілігі: нақыл сөздер, әріптер, суреттер, шарлар, интерактивті тақта
Өту барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті ата - ана, ұстаздар. 1 а сынып оқушыларыныі әліппемен қоштасу ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Біз бүгін ғылым әлемінің алғашқы баспалдағы Әліппені аяқтап, білім атты ұзақ жолдың алғашқы асуынан асып тұрмыз. Әліппені жемісті аяқтауға қолғабыс берген ата - аналарға зор алғысымды білдіремін. Ендеше, осы салтанатты мерекеміздің иелері 1 а сынып оқушыларын қарсы алайық.
Хор: Әнұран
1 - жүргізуші: Саламат
Көз салып, қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі біздің ойымызға,
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата - аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға!
2 – жүргізуші: Нұрсезім
Армысыздар, аналар
Бармысыздар балалар.
Сөзіме құлақ салыңдар,
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр - әніміз.
1 - жүргізуші: Саламат
Әріптерді таныған,
Өңкей білгіш балдырған.
Өсті міне бойларың,
Құтты болсын тойларың.
2 – жүргізуші: Нұрсезім
Біздің сынып тамаша
Көз тартады қараса
Кешікпейді сабақтан
Күнде түгел, санаса.
1 - жүргізуші: Саламат
- Балалар, іші толы әріпке,
- Білімдегі жарық не?
Хормен оқушылар: Болашаққа жол ашқан,
Ол – сүйікті әліппе.
Хор: Әліппе
Кенжеқыз:
Іші толы әріпке
Мынау әйбат Әліппе
Барлық ілім - білімің,
Бастауы осы Әліппе.
Димаш:
Әліппем, менің Әліппем
Көгілдір тудың түсіндей
Ақылшы жан досымдай,
Қымбатты маған кісімдей.
Ақтілек:
Бар кітапқа бас болған
Әліппен ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Анел:
Әліппем, менің Әліппем
А деген мына әріптен
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.
Жігер:
Бірінші беттен елімнің
Елтаңбасын таныдым
Көк байрақты қазақтың
Ұрпағының сәнімін.
Айнұр:
Ең алғаш алғанымда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Би: Жаңа күн
2 – жүргізуші: Нұрсезім
- Балалар, ең алғашқы Әліппені кім жазғанын білесіңдер ме?
Руслан:
Ия. Жырын жаттап саламыз,
Жалықпастан қыс – жазы,
Ұлы Ыбырай атамыз,
Ұстаздардың ұстазы.