САБАҚ №15
Қазақстан тарихы 5 сынып
Сабақ тақырыбы: §15 Абылай хан, өмірі мен саяси қызметі
Жоспары:
Білім стандарты, пән бағдарламасы, Қазақстан тарихынан әңгімелер оқулығы - 5 сынып, автор Артықбаев Ж. О. Сабданбеков Ә. Ә, Әбіл Е. Н Интернет материалдары
Жалпы мақсаты:
Міндеттері: 1. Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
2. Оқушылардың өздіктерінен жұмыс істеу арқылы сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту:
3. Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Саяси және мемлекеттік қайраткер, ішкі және сыртқы саясат, Қазақ хандығының Ресеймен, Жоңғариямен, қырғыздармен қарым - қатынасы.
Негізгі идеялар: Оқушылар Абылайдың өмір жолындағы тарихи оқиғалардың маңызын оқи отырып өз ойымен қорытындылай білуге үйренеді.
Тапсырмалар:
Wiki материалдары Топтық жұмыс (Мәтінмен жұмыс)
Жұптық жұмыс (кесте толтыру)
Жеке жұмыс (деңгейлік тапсырма)
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы іс – әрекеті )
І. Ұйымдастыру
1. 1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу зейінін сабаққа аудару. (2минут)
1. 2 1. 2. Топқа бөлу (тарихи қала аттары арқылы үш топқа бөлу) ( 2 минут)
ІІ. Үй тапсырмасы жеке жұмыс
2. 1 Хронологиялық Кесте толтыру
1628ж.
1771ж
1697ж.
1723ж.
1726ж.
Жауаптары: 1628ж.- Ойрат тайпалары Торғауыттар қазақ даласы арқылы батысқа қарай көшіп Еділ бойына дейін жеткен. Содан бастап Еділ қалмақтары деп аталды.
1697ж.- Орыс патшасы I Петр Аюкеге Ресейдің шығыстағы шептерін қорғауды ресми түрде міндеттеді.
1723ж.- Әбілқайыр хан қыркүйектің бас кезінде қазақтар мен қарақалпақтардың 20 мың қолдық әскерін бастап, Еділ қалмақтарына жорық жасады.
1726ж.- Әбілқайыр хан 10 мың қолдық әскерімен Еділ қалмақтарына жаңадан жорық жасады. Ол жорық өзара келісім жасаумен аяқталды.
1771ж. – Кіші жүз, Орта жүз, Ұлы жүз қазақтары Шаңды жорық шайқасына жаппай қатысты.
Сұрақ: Мойынты өзенінің бойында 50 мың адамдық жасақ бастап қалмақтарды қоршап алған сұлтан – Абылай
Бағалау: мадақтау
ІІІ. Жаңа сабақ. Топтық жұмыс
Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы.
Жоспармен таныстырып әр топқа тақырыпты үлестіру:
1 - топ Абылайдың қолбасшы, саяси қайраткер ретінде қалыптасуы
2 - топ Абылай хан кезіндегі Қазақ хандығы. Ресей және Қытаймен қарым - қатынас.
3 - топ Абылайдың қазақ тарихында алатын орны
Топтады алтын ережелермен таныстыру, бағалау парағын топ басшыларына жүктеу
Әр топқа тапсырма:
1. Мәліметтерді оқу
2. Топта талдау
3. Постер жасау
4. Топтан 2 оқушы қорғау
5. 15 минут уақытта аяқтау
6. Жұмысты қорғау 3 минут
Бағалау: 2 жұлдыз, 1 тілек
Сабақ бойынша кері байланыс:
(оқушылардың сабақ бойынша пікір, ұсыныстары)
Бекіту: Сұрақ - жауап
V. Сабақты қорыту, бағаларды хабарлау
Рефлексия 2 минут
Абылай хан, өмірі мен саяси қызметі жүктеу
Тарих туралы түсінік, Қазақстан тарихының кезеңдері (қысқа мерзімді жоспар) толық нұсқасын қарау