Күнделікті сабақ жоспары Бейнелеу өнері 3 - сынып
Сабақ: №1
Сабақтың тақырыбы: Жылы және суық түстер жайлы не білесің?
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Түстерді бір - бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар. Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.
Негізгі бояу түсі:
- қызыл,
- көк,
- сары.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Мына жұмыстарға мұқият қара. Олар салған жылы және суық түстер жайлы білетініңді есіңе түсіруіңе көмектеседі.
Жылы және суық түстер арқылы суретшілер ауа райын, жыл мен тәулік мезгілдерін ғана емес, сонымен қатар көңіл күйді де бере алады.
1. Мына жұмыстардың қайсысына жылы, салқын, ыстық, суық, көңілді, мұңды, қуанышты және мазасыз деген анықтаулар сәйкес келеді?
2. Бұл шығармаларды қарағанда сен қандай сезімде боласың?
3. Саған қандай түс ұнайды? Жылы ма, әлде суық па?
Жылы және суық түстердің құпия - сырлары өте көп. Мына екі шеңберге зер салып қара.
Шеңбердің қайсысы саған үлкендеу болып көрінеді? Әрине, сен қызыл түсті шеңбер деп айтасың. Расында да қызыл шеңбер жасыл шеңберден үлкен болып көрінеді. Ал негізінде бұлар бірдей өлшемдегі шеңберлер.
Өз бетіңмен тәжірибе жасап көр: сары және күлгін (не қызғылт сары және көк) түсті қағаздардан өлшемдері бірдей екі шеңбер қиып ал. Оларды бір - біріне беттестіріп бірдейлігін тексер. Сонан соң шеңберлерді өлшемі бірдей қара немесе сұр шаршылардың үстіне қой.
Үйге тапсырма беру: Жылы түсте табиғат көрінісін бейнелеу.
Сабақ: №2
Сабақтың тақырыбы:
Түспен көңіл күйді көрсету. Жақын түстер.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім - білік дағдыларын қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Жалпы қабілеттілікті дамыту.
б) Тәрбиелілік: Адамгершілік тәрбиесін беру.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Плакаттар, түрлі - түсті қарындаштар, ақ қағаз, және тағы басқа, түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар, ояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Сабақты оқушыларға бірнеше сұрақтар қою арқылы бастаймын:
1. Мына шығармалардың көңіл күйін қалай сипаттар едің? Тандап алынған гамма шығарманың көңіл күйіне қалай әсер еткен?
2. I. Жансүгіровтің мына өлең жолдары қай шығармаға дәл келеді?
Жазыла есінеп жапан қыр,
Маужырап сұлап, балбырап.
Даладан, таудан көшті нұр,
Салбырап, сам жамырап.
Мына шығармаларды салыстыр. Мұндағы түстер гаммасы әр түрлі. Тыныштық әсерін туғызатын жұмысты жазарда пайдаланған түстер мен реңктер жақын түстер деп аталады. Ал мерекелі, қарбалас сәтті немесе көтеріңкі көңіл күйді білдіретін шығармалардағы түстерді қарама - қарсы деп атайды.
Өзіңе таныс түстер шеңберіне назар аудар. Онда қатар орналасқан түстер бір - біріне ұқсайды. Қызыл түс сәл күлгінге және қызғылт сарыға, ал қызғылт сары түс сарыға ұқсас. Бүл кездейсоқ емес, себебі қызғылт сары мен күлгін құрама түстер және олардың құрамында қызыл түс бар. Ал жасыл сарыға да, көкке де ұқсайды. Жасыл түс қандай түстерден құралғанын есіңе түсір. Түстер шеңберінде қатар орналасқан түстер бір - біріне ұқсас болады. Сондықтан оларды жақын түстер дейді. Жақын түстердің байланысын түстер реңкі (нюанс) деп те атайды.
Үйге тапсырма беру: Суық және жылы түстерді қолдана отырып шығармашылық жұмыс орындау.
Сабақ: №3
Сабақтың тақырыбы:
Қарама - қарсы контраст (контраст) түстер. Қарама - қарсы түстердің ерекшеліктері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
ә) Дамытушылық: Түстерді бір - бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.
Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Түсті бояулар жайлы көрнекілік құралдар, бояу түрлері, түрлі қарындаштар, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар.
Негізгі бояу түсі:
- қызыл,
- көк,
- сары.
Сабақтың өту барысы:
7. Ұйымдастыру кезеңі.
8. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
9. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
10. Тапсырмаларды орындау.
11. Сабақты бекіту.
12. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ал енді шеңберде керісінше қарама - қарсы орналасқан түстерге қара. Қызыл түс жасылға, қызғылт сары түс көкке, сары түс күлгінге қарсы орналасқан. Оларды қарама - қарсы түстер жұбы деп атайды. Бүл түстер бір - біріне мүлдем ұқсамайды. Қызыл жасылға, қызғылт сары көкке, сары күлгінге қарама - қарсы түстер.
Тағы бір тәжірибе жасап көрейік. Тәжірибе жасау үшін саған үлкендігі мен түстері бірдей, мысалы, қызғылт сары түсті екі дөңгелек және түстері әр түрлі, ал өлшемі бірдей екі шаршы керек. Бір шаршыны сары қағаздан, екіншісін көк қағаздан қиып ал. Дөңгелектерді шаршылардың бетіне орналастыр. Дөңгелектердің қайсысы саған ашық түсті болып көрінеді? Әрине, көк шаршы бетіндегі қызғылт сары дөңгелек анағұрлым айшықты. Ал сары шаршы бетіндегі қызғылт сары дөңгелек әлдеқайда қоюлау. Мүмкін, бір дөңгелектің түсі екіншісіне қарағанда ашықтау шығар?! Оларды шаршы бетінен алып, ақ қағаз бетіне орналастыр. Екеуінің де түсі бірдей екеніне көз жеткіз. Оларды қайтадан шаршылардың бетіне қой, тағы да көк шаршы бетіндегі дөңгелек ашық болып көрінеді.
Осылайша басқа қарама - қарсы түс жұптарына да тәжірибе жасауыңа болады. Жасыл шаршы бетіндегі қызыл дөңгелек күлгін шаршы бетіндегі қызыл дөңге - лекке қарағанда әлдеқайда айшықты.
Сары шаршы бетіндегі күлгін дөңгелек көк шаршы бетіндегіге қарағанда айшықты болып көрінеді. Нәтижесінде қарама - қарсы түс жұптары жақын түс жұптарына қарағанда әлдеқайда айшықты екендігіне көз жеткізесің. Жақын түстер үйлесімділігіне қарағанда, қарама - қарсы түстердің үйлесімділігі әрқашан жарқырап көрінеді.
Үйге тапсырма беру: Жылы және суық түсте табиғат көрінісін бейнелеу.
Жылы және суық түстер жайлы не білесің? жүктеу
Жақын түстер гаммасының көңіл-күйі. жүктеу
Қарама-қарсы түстер гаммасының көңіл күйі. Қарама-қарсы түстерді араластыру. жүктеу
Түс натюрморттың көңіл күйін қалай өзгертеді. жүктеу
Күзгі гүл шоғы натюрмортының композициясы. жүктеу
Парақ бетін қалай кеңістікке айналдыруға болады? Перспективалық бейнелеуді үйренеміз. Қайталау. Балғын суретшілер қолтаңбасы. жүктеу
Пейзаждағы сызықтық перспектива. жүктеу
Ашық және тұйық композициялар. жүктеу
Композицияның басты бөлігі. жүктеу
Күзгі пейзаждың композициясын жасаймыз. жүктеу
Таңғажайып жануарлар. жүктеу
Алуан түрлі ойыншықтар. жүктеу
Материалмен жұмыс. жүктеу
Жаңа техника. Матрицалармен жұмыс. жүктеу
Иллюстрация дегеніміз не? жүктеу