Жасушаны алғаш ашқан кім

Скачать

10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі.
Сабақтың мақсаты: а) дамытушылық
Сабақта оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Білімділік: Оқушылардың білім, білік дағдысын дамыта отырып, жасушаның химиялық құрамы туралы түсіндіру. Нәруыздардың ферменттердің қасиеттері амин қышқылдардың мөлшері және реттілігіне, молекулалардың және заттардың құрылымдарына байланысты екендігін түсіндіру.
в) Тәрбиелік мәні Оқушыларға эстетикалық тәрбиелеу және оқушылардың ойлау мәдениетін дамыту.
Сабақтың түрі: Өзгерген сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО, Топқа бөлу. Топтастыру.
Сабақты ұйымдастыру Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушыларды топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау
Оқушыларға ауызша сұрақтар беру арқылы үй тапсырмасын сұрау.
1. Жасуша дегеніміз не?
2. Жасуша қай ғасырдың жаңалығы?
3. Жасушаны алғаш ашқан кім? т. б.

Сергіту сәті
Сергіту кезеңдерін интербелсенді тақтадан көрсету.

Жаңа тақырыпты ашу үшін ой қозғау сұрағы беріледі.
Жасушаның химиялық құрамы қандай? Қанекей балалар біз бұл сұрақтың жауабын 8 сыныпта бірге іздегенбіз.

Ойлану үшін уақыт беріледі
Оқушылар бірігіп жұмыс жасайды.

Органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, липидтер, нуклеин қышқылдары, АТФ, олардың құрылысы және жасушадағы рөлі. жүктеу


Скачать


zharar.kz