Африканың халықтары

Скачать

Сыныбы: 7 - 8
Сабақ тақырыбы:
7 - сынып Африканың халқы және елдері
8 - сынып Атмосфераның маусымдық циркуляциясы

Сабақ мақсаты:
1) Білімділік: Африканың халқы мен елдері туралы білімін қалыптастыру, барлық нәсілдердің бірдей екеніне, олардың сырт кейіптері жағынан ғана айырмашылығы болатынына көзін жеткізу. Атмосфера циркуляциясы туралы білімдерін одан әрі жетілдіру.
2) Дамытушылық: Ой – өрісін, танымдық ойлау қабілетін, іскерлігін қалыптастырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылыққа баулу.
3) Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Тренинг ойыны Миға шабуыл жасау стратегиясы, ой қозғау стратегиясы, картамен жұмыс істеу, қызығушылықты ояту стратегиясын қолдану.
Сабақтың көрнекілігі: Африканың физикалық картасы, Африка материгінің бүктемесі, тірек - сызба кестелері, Қ. Р. физикалық картасы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Тренинг ойыны. Африкаға және Қазақстанға қатысты сөздерді айту.

2. Ой қозғау стратегиясы. Климаттық белдеулері.
Сұрақ: Африка материгіне қандай климаттық белдеулер тән? Әр климаттың белдеуге тән басты ерекшеліктерін атаңдар.

ІІІ. Жаңа сабақ
Африканың халқы мен елдері.
Халқы
Нәсілдері
Тілдері
Халықтың орналасуы
Африка елдері тарихи - географиялық аймаққа топтастыру

Африканың қазіргі кездегі халқының саны 700 млн.- нан астам. Материк халқының нәсілдік, тілдік және ұлттық құрамы өте күрделі. Африкада Жер шарындағы негізгі үш нәсілдің де өкілдері кездеседі.
Негізгі нәсілдері: эфиоптар, Еуропалық тектестер, африканерлер, ағылшындар
Эфиопия таулы қыратын мекендейтін эфиоптар, Еуропалықтар мен негр тектестердің арасынан шыққан өтпелі нәсілге жатады. Ал Мадагаскар аралында тұратын малагасийлер негрлер мен моңғол тектес нәсілдердің араласуынан қалыптасқан.
Еуропалық тектес нәсілге жататын халықтар Африканық Солтүстігі мен Оңтүстігінде тұрады. Осы нәсілге Солтүстік Африканы мекендейтін араб және бербер халықтары. Жерорта теңізі жағалауында тұратын француздар жатады. Ал Оңтүстік Африкада Нидерландыдан көшіп барғандардың ұрпақтары - африканерлер (бурлар) және ағылшындар тұрады.
Әр халық тобына өзіндік тіл тән, жалпы алғанда Африкада 700 - ге жуық жергілікті тіл бар. Солтүстігі нер тектес халықтар судан тілінде, Орталық Африка мен Шығыс Африканың кейбір халықтары негізінен араб тілінде сөйлейді, ал, француз тілі өзара қарым - қатынас құралы болып табылады. Ал Оңтүстік Африкада ағылшын тілі жергілікті тілдермен қатар қолданылады.
Негізгі тілі: Судан, француз, банту, араб, ағылшын тілі.

Африканың халықтары.
Африка материгінде халық әркелкі қоныстаған халықтың орташа тығыздығы - 1 шаршы км жерге 22 адамнан келеді. Ең сирек қоныстанған жері – Сахар сияқты шөлді жерлер. Ең тығыз қоныстанған жері – Ніл өзені аңғары, Гвинея шығанағы, Жерорт теңізі жағалауы.

Елдері: Африкада 50 - дей мемлекет бар. Африка елдері табиғат жағдайымен халқының құрамына сәйкес 5 тарихи - географиялық аймаққа топтастырылады.


Скачать


zharar.kz