№ __ Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)
Пән: Химия
Сабақтың тақырыбы: Ацетилен көмірсутектері немесе Алкиндер
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: саяхат сабағы (СТО стратегияларын
қолдану арқылы).
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Базалық құзыреттілік: Алкиндер мен алкендердің құрылысын, қасиеттерін салыстыру арқылы, ацетилен көмірсутектерінің изомерлерінің құрылымдық формулаларын жазу және жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формуласын табуға есептеулер жүргізу.
Кәсіптік құзыреттілік: Аттары бойынша ацетиленнің құрылымдық формулаларын жазу және көмірсутектерді атауға байланысты тәсілдерді меңгеру.
Арнайы құзыреттілік: Алкиндер жайлы мәтіннен негізгісін бөлу арқылы, іскерлік пен дағдыларын дамыту.
Сабақ мақсаттары
Білімділік: Ацетиленнің алу жолдарының, химиялық реакциялардың, механизмдер мен жүру жағдайлары, ацетиленнің қолданылуы туралы жалпы түсіну. Кучеров реакциясының жүру механизімі және димерлену, тримерлену реакцияларымен танысу
Тәрбиелік: Жаңа және өтілген материалдарды байланыстыра алу жолдарын табу, мәселені шешу жолын іздеуге, жалпы диалогтарға қатысуы, басқа оқушыны тыңдау, тыңдай алу қабілетін дамыту.
Дамытушылық: Практикалық және ой мәдениетінің еңбегін түзету жолдарын тудыру, өз ісіне жауап және баға беру, экологиялық ойлауды тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Қамтамасыз ететін: География, математика, биология
Сабақтың жабдықталуы
Көрнекілік құралдар: Интерактивті тақтадан көрсетілетін слайдтар, шар - стерженді модельдер, таратылатын дидактикалық материалдар, кесте: Алкиндардың гомологтық қатарлары .
Таратпа материалдар: Дидактикалық материалдар.
Оқытудың техникалық құралдары: Интерактивті тақта, бейне фильм
Әдебиет: негізгі - Н. Нұрахметов, Қ. Бекішев, Н. Заграничная Химия
Қосымша - 1. Химия есептері мен жаттығулары.
2. Қ. Н. Сақариянова, М. Б. Усманова, Б. Н. Сахариева, Р. С Рақышева. Химия , оқыту әдістемесі; Алматы Атамұра 2005 жыл.
3. Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова Химия (қоғамдық - гуманитарлық бағыт) Алматы Мектеп 2007 жыл.