Қуғын - сүргін құрбандары

Скачать

Сабақтың тақырыбы: Қуғын - сүргін құрбандары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сталинизмнің орнығуы, жазалау шаралары. Халық қасіреті. Қазақстан – лагерлер өлкесі. Кеңес Одағы кезіндегі Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерлерінің тарихына шолу жасау.
Дамытушылық: оқушылардың шығармашылықпен іздену арқылы олардың философиялық ойлау қабілетін жетілдіру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: оқушылардың отаншылдық сезімін арттыра отырып, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: концерттік
Көрнекі құралдар: Қазақстанның картасы, КарЛАГ картасы, қазақ зиялыларының суреттері, слайд шоу.

Сабақтың барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! 1929 - 1938 жж аралығында қазақ зиялыларын қисынынан құлатқан Құғын - сүргін құрбандары атты кешімізді ашық деп жариялаймыз. Кешімізді бастамас бұрын Бір минут үнсіздікпен құрбандарды еске алсақ .
Қайран, қазақ елі... Жас ұрпаққа айта алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар, өзен - көлдер, құм - шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата - бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп тұр.
2 - жүргізуші:
Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама “ заманынан бастап, қойша қырылған " репрессия " жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді.
1 - жүргізуші:
Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж. Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 - хатшысы болып келген Ф. И. Голощекин республиканың саяси - экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады, сондықтан мұнда Кіші Қазан революциясын жасау керек деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялық шаралар жүргізе бастайды. Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардың ішінде қазақстандық Ә. Бөкейханов, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков т. б. болды.

2 - жүргізуші:
Қинамайды абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған ауыр осылардың бәрінен"
Өз ауылымның иттері үріп қапқаны
- деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқан еді
Оқушы: (Балауса) Халқым, елім, жерім, Ата-мекенім! Бірлігіміз білектің күшіндей еді ғой. Аш – жалаңаш қайда беттеп барамыз? Қара шаңырағым шайқалып, жерімнен қуылып қайдан, кімнен пана іздейміз?
Күнім не болады, заманым не болады, ұрпағымның күні не болады? Қу құдай, жаратқан ием, қолдай көр! Не жаздым бұл өмірде, не жаздым соншама? Найзаның ұшында, қылыштың жүзінде жүріп, ата - бабаларымның қаны төгіліп, қорғаған жері еді ғой!
1 - жүргізуші Видеоролик: Қанмен жазылған хат
2 - жүргізуші:
1937 - 38 жылдары құрбан болған: Алашшыл Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамбетов және т. б.; большевизмді Қазақстанда құрылуына ат салысқан халықшыл: С. Сейфуллин, Н. Нұрмақов, І. Жансүгіров, Б. Майлин және т. б., түркішіл Т. Рысқұлов, Н. Төреқұлов, С. Қожанов және т. б. олардың көздерін көріп, тағылымын бойларына сіңірген жаңа Қазақшыл азаматтар келді. Қазақ халқының қазіргі руханиятын осы нағыз қазақшыл азаматтар құрады, ал, 40 - шы жылдардың екінші жартысынан жаппай белең алған Сталиндік репрессияларының үшінші кезеңі тікелей қазақ руханиятына бағытталғаны, тіпті, көзге басылады. Себебі, қазақшылдар саяси тұрғыдан өзге көзқарастарды ұстанбаған, тек қандайда болмасын руханияттың діңін құрайтын тіл, әдебиет және тарих саласында қызмет атқарған азаматтар. Репрессияларға қазақшылдардың тарихи шындықты ашық зерттеп, айтып, дәріптеулері себеп болды. Ал, ол ақиқаттар, қазақ халқының тәуелсіз ел болғандығын, теңдессіз тарихы, әдебиеті және өркениеті бар ұлт екенін көрсетті. Ұлы державалық мүддені қорғаған сырты социалистік, кеңестік, ал, ішінде ұлы державалық шовенизм үстемдік құрған заманда қазақшылдардың бұл істері қылмысқа парапар еді. Рухани тұрғыдан ең ауыр тиген соққы осы үшінші саяси - қуғын кезеңі болды.

1 - оқушы
Ойсыраған орның толмаса да,
Күтті сені қанша жыл – Ел босаға.
Амал нешік?!
Дәстүрден тайды халқым,
Аққуларды атуға болмаса да!
Әлде кімге білгің жақпады ма?
Әлде кімге ұлы ұғым жақпады ма?
Отызға жасы жеткен ағаларды,
Ақ - құрасын айырмай атқаны ма?

Қуғын - сүргін құрбандары. жүктеу


Скачать


zharar.kz