Қарсылықты салалас құрмалас және оның жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын меңгерту

Скачать

(сабақ жоспарының үлгісі)
Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қарсылықты салалас құрмалас және оның жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын меңгерту.
Дамытушылық: Зейін, ынта қабілеттерін, ой - өрістерін дамыту, ББД қалыптастыру.
Тәрбиелік: Мәдениетті сөйлеуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Оқыту әдістері: түсіндіру, талдау - жинақтау, үш өлшемді оқыту, ситуациялық, кітаппен жұмыс, көрнекілік, топпен жұмыс
Көрнекіліктер: карточкалар, оқулық, т. б.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, кітаппен жұмыс, проблемалық, талдау, жеке жұмыс т. б.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, әдебиет (8 - сынып) т. б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Қосымша материалдар: Г. Қосымова, Н. Құрманова Қазақ тілі (8 - сынып, әдістемелік нұсқау), Н. Оралбаева, Т. Әбдіғалиева, Б. Шалабаев Практикалық қазақ тілі

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, тақырыпты және мақсатын хабарлау)

2. Үй тапсырмасын тексеру
- Себеп - салдар салалас құрмаластың жасалу жолдары?
- Себеп - салдар салалас құрмалас жасайтын шылаулар? Олардың мәні?
- Тыныс белгілерінің қойылу жағдайлары?
Жаттығулар тексеріледі

3. Жаңа сабақ
а). Жаңа материалды түсіндіру
Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс, оқиға екіншісіндегі іс, оқиғаға қарама - қарсы болатын салалас құрмаластың түрін қарсылықты салалас дейміз.
Қарсылықты салалас жалғаулықты, жалғаулықсыз болып екіге бөлінеді.
Тақтада: 1. Жалғаулықсыз қ. с.
Мыс: Жәнібекке ақсақал шара толы қымызды ұсынып еді, - хан басын шайқады. Баршагүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті (үтір, сызықша қойылады).
2. Жалғаулықты қ. с. бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де, жалғаулықтары арқылы жасалады.
Мыс: Күңгір дауыс құлағыма келеді, бірақ маған жауап қайтарған ешкім жоқ. ( үтір қойылады).
Әнкеш мені жіберер емес, сөйтсе де мен болмай оқуға кеттім. ( үтір қойылады).
Жаттығулармен жұмыс
106 - жаттығу. Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама - қарсы мәнді жай сөйлем жазып, қарсылықты салалас құраңдар.
107 - жаттығу. Қарсылықты салаластың қай түрі екенін анықтап, тыныс белгілерінің қойылу себептерін анықтаңдар.
Жеке жұмыс.
Деңгейлік тапсырмалары бар карточкалар беріледі.

4. Жаңа сабақты бекіту
- Қарсылықты салалас?
- Жасалу жолдары?
- Жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлеріне мысалдар келтір.
- Тыныс белгілері қалай қойылады?

5. Үйге тапсырма
- Ереже жаттау. 105, 108 - жаттығулар
6. Бағалау

Астана қаласы, №10 мектеп – гимназия
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тулебаева Айгүл Қошқарбайқызы

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем. жүктеу


Скачать


zharar.kz