Телефон шырылы

Скачать

Тақырыбы: Білімділер елінде
Мақсаты: Балаларға технологияны жете түсіне білуге, жағдай жасау. Балалардың шығармашылық танымдық қабілетін дамыту. Балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттырып, сөздік қорын байыту. Балалардың оқу іс әрекетіне деген қызығушылығын арттыру.
Керекті құралдар: Әр түрлі суреттер слайдпен, сөйлейтін қалам, ертегі радиомен, сергіту сәті, слайд, шаттық шеңбері, музыка әуені, телефон.
Әдіс - тәсілдер. Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету, үйрету.
Залдың іші тақырыпқа сай безендірілген.
Шаттық шеңбері: Күн, күн, күн, күн.
Бізге қарсы күледі,
Бұлттар қашып домалап
Жасырынып қалады.
Күн, күн, күн, күн.
Шуақтарын шашады.
Күндей жайнап қуанып
Алақанды созады.
Сұрақтар:
1. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: күз.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар.
2. Күз мезгілінде неше ай бар?
Балалар: Үш ай (қыркүйек, қазан, қараша)
Тәрбиеші: Олай болса күз мезгілінің ерекшеліктерін тамашалайық (слайдтан күз көрінісін қарау )
Тәрбиеші: Балалар сіздер күз туралы тақпақ білесіздер ме?
Балалар: Күз туралы тақпақ айтады.
Оқу іс - әрекетінің жүрісі:
Тәрбиеші: Балалар бүгін біздер білімділер еліндеміз.
Таңғажайып сәт: Телефон шырылдайды. Тәрбиеші телефонды алады
(телефоннан баланың дауысы естіледі)
- Сәлеметсіздер ме балалар! білімділер еліне қош келіпсіздер. Білімділер елінде сіздердің білімдеріңді байқау үшін көптеген тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар менің сендерге дайындаған сыйым бар.
Тәрбиеші: балалар тақтаға қараңдаршы тақтада 1 ден - 4ке дейін сандар бейнеленген. Егер сендер берілген тапсырманы дұрыс орындасақ мына сандар ашылады.
1 - тапсырма
Тәрбиеші: Балалар білімділер еліндегі кітапханаға барамыз ( музыка әуенімен жүреді)
Тәрбиеші: Балалар кітапханада қызықты кітаптар өте көп екен. Мына кітап өте қызық сияқты, қане оқып танысайық.
Сөйлейтін қалам: 1. Кітаптармен таныстырады.
2. Үй және жабайы жануарлармен таныстырады.
Тәрбиеші: Қараңдар сіздер тапсырманы дұрыс орындағасын бір саны ашылды. Оның артынан белгісіз сурет шықты, оның қандай сурет екенін білу үшін екінші тапсырманы орындаймыз.
2 - тапсырма
Тәрбиеші балалар ирек жолмен жүріп, санамақтар еліне барайық.
1. Логикалық тапсырма Ойлан тап
2. Санамақ.
Тәрбиеші: Тапсырманы дұрыс орындағасын екі саны ашылды.
3 - тапсырма
Тәрбиеші: енді келесі жолмен өнерлілер еліне барамыз.
Өнерлілер елінде балаларды Микки Маус күтіп алады. 1. Сергіту сәті (ағылшын тілінде)
1. Көкөністер мен жемістер дидактикалық ойын (орыс тілінде)
Тәрбиеші: Тапсырманы дұрыс орындадыңдар енді үш саны ашылды.
4 - тапсырма.
Енді келесі жолмен ертегілер еліне барамыз. Сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
Балалар өз ойларын айтады.
Тәрбиеші: бүгін жаңа ертегімен танысамыз. Ертегінің аты Амалын тапқан қонжық . Мына сөйлейтін ойыншық сіздерге ертегіні айтып береді.
Көлеңкелі қуыршақ театрынан тәрбиеші ертегі кейіпкерлерін көрсетеді сұрақ қояды. Балалар сұраққа жауап береді.
Тәрбиеші: Білімділер еліндегі барлық тапсырманы орындадық. Біздің құпия сандарымыздың төртінші саны ашылды. Осы құпия сандардың артында ненің суреті бейнеленген екен.
Балалар: Балабақшаның суреті.
Тәрбиеші: Балалар біздер білімнің бәрін осы балабақшадан аламыз.
Телефон шырылы: Рахмет балалар сендер тапсырманың барлығын жақсы орындадыңдар. Сіздер өте білімді екенсіздер енді сендерге арнал сыйлық салған қорабым ашылады. Қораптан кітаптар шығады тәрбиеші балаларға бір - бірден таратып береді.
Қорытынды:
Тәрбиеші балаларды оқу іс - әрекетке жақсы қатысқан үшін мақтап, мадақтайды.

Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: жаңа технологияны жете түсіне білуге.
Нені игереді: үш тілде берілген тапсырманы дұрыс орындауды.
Нені біледі: ертегі мазмұнын айта білуді.


Скачать


zharar.kz