Сабақтың тақырыбы: Аралас санды қосу
5 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Аралас сандарды қосу амалын түсіндіру, есептер шығара білуге дағдыландыру
Тәрбиелік: Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытуға баулу және сөйлеу мәнерін тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін кеңейту, математикаға деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Есептеу дағдысын жетілдіру, танымдық қызығушылығын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, талдау, есеп шешу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, кеспе қағаздар, бағалау парағы
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың құрал - жабдығының толық болуына назар аудару зейінін бір ортаға тоғыстыру. Сыныпты екі топқа бөлесін.
Психологиялық тренинг:
Келдім, көрдім, жеңдім тренингі. Әр топтан 2 адамнан шығады. Мұғалім не затты айтса, соны тауып әкеледі. Мысалы: қалам, өшіргіш, скотч. Кеш келген оқушы орнына отырады. Соңғы оқушы жеңеді.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар есепті интерактивті тақта арқылы тексеріп қолдарына әрбір дұрыс жауаптар үшін фишкалар беріледі
Рефлексия:
– Енді табыс ағашын отырғызайық . (Тақтада ағаштың суреті)
Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сіздің алған білімдеріңіз(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, тақтада тұрған ағашқа жапсырады).
3. Жаңа сабақ
І. Бөлімдері бірдей аралас санды қосу.