Ыбырайдың ағартушылық қызметі

Скачать

Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қазақ халқының көрнекті педагог, жазушы, фольклоршы, этнограф әрі қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы бойынша оқушылардың білімін толықтыру және меңгерту.
Дамытушылық: Ойлау, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін, ой – өрісін одан әрі арттыруға сын тұрғысынан тұжырымдауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушылар бойында өз жеріне, өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулау, оның қадір – қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Слайдтар, суреттер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй жұмысын тексеру.
III. Жаңа сабаққа кіріспе.
Мен түбегейлі терең сезіммен туған халқыма шамамның келгенінше пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын
Ы. Алтынсарин.
1 - бөлім.
1 - топ: Ыбырай өмірімен ағартушылық көзқарасының қалыптасуы.
2 - топ: Ыбырайдың ағартушылық қызметі.
3 - топ: Ыбырайдың ғылыми және әдеби қызметі.
(интерактивті тақтада Ы. Алтынсариннің суреті көрсетіледі. Әр топ берілген тапсырма бойынша түсіндіреді).

2 - бөлім.
1 - топ: Ыбырай сөз жұмбағын құру.
1. Ыбырайды кім тәрбиеледі?
2. Ыбырай кімнің кітапханасын еркін пайдалануға рұқсат алды?
3. Ыбырай қай жерде туылған?
4. Ыбырайдың педагогикалық көз – қарасының қалыптасуына әсер еткен орыс педагогы?

2 - топ: Сәйкестендіру тесті
1. Ыбырайдың шын есімі;
2. Ыбырай оқыған оқу орны;
3. Ыбырайдың оқушыларға жазған оқу құралы;
4. Ыбырай қай жерде мектеп инспекторы болды?
5. Ыбырай қай жерде қыздарға арналған мектеп ашты?
6. Ыбырай кімдердің шығармаларын орыс тілінен қазақ тіліне аударды?


Скачать


zharar.kz