Астрономия тест тапсырмалары (11 сынып)
1. Астрономиялық денелерге жататыны:
*А) Жұлдыздар
В) планеталар
C) кометалар
Д) аметистер
Е) Метеориттер
2. Меркурий құрылымы, рельефі, жылу өткізгіштігі бойынша ұқсас:
А) Шолпанға
*В) Айға
С) Марсқа
Д) Юпитерге
Е) Нептунға
3. Дүние полюсі бұл:
А) Жердің солтүстік полюсі
В) жердің оңтүстік полюсі
*С) Дүние осі мен аспан сферасының қиылысу нүктесі
Д) жердің географиялық солтүстік полюсі
Е) Жердің географиялық оңтүстік полюсі
4) Ғаламға кірмейтіндер:
А) Жұлдыздар
В) Планеталар
*С) Әлем
Д) кометалар
Е) астероидтар
5. Экваторлық кординаталар -
*А) еңістік пен тура көтерілу.
В) Ендік және бойлық
С) азимут және биіктік
Д) азимут және тура көтерілу
Е) еңістік және ендік
6. Астрономиялық ең негізгі зерттеу құралының атауы:
А) Микроскоп
*В) Телескоп
С) Линза
Д) Окуляр
Е) Дүрбі
7. Жер тобының ғаламшарларына кірмейтіні:
*А) Юпитер (Есекқырған)
В) Марс (қызыл жұлдыз)
С) Жер
Д) Венера
Е) Меркурий
8. Бір меридианда орналасқан мекендердегі уақыт атауы:
*А) Жергілікті
В) белдеулік
С) декреттік
Д) жаздық
Е) Гринвингтік
9. Астрономия пайда болды:
А) қызығушылықтан
В) физикадан
С) адамдардың тағдырын болжау үшін
*Д) уақытты өлшеу үшін және аспан денелерінің қозғалысын бақылау үшін
Е) Жаңа материалды алу үшін
10. Айда атмосфера жоқ, себебі:
А) айда газ тәрізді заттар жоқ.
В) ол - 1700С түнгі мерзім кезінде қатаяды
*С) Айда ауырлық күші жердегіден аз, сондықтан газ молекулаларын ұстап тұра алмайды
Д) онда молекулалар жылдамдығы жердегіден аз
Е) Жердің тартылысы айдың атмосферасын жұтады.
11. Қазақстанда қолданылатын күнтізбе:
*А) Грегориан уақыты
В) Юлиан уақыты
С) ай уақыты
Д) күн уақыты
Е) жұлдыздық уақыт
12. Күн жүйесіндегі планеталардың орбитасына тәріздес болып келеді:
А) Эллипс
В) Шеңбер
С) Парабола
Д) Эллпс және парабола
Е) Гипербола
13. Метеориттер планеталардың атмосферасында жанады, себебі:
А) атмосферада оттегі болғандықтан
В) атмосфера температурасы ғарыш кеңістігінің температурасынан жоғары
*С) Метеориттердің температурасы ауадағы қозғалыс үйкелісінен он мыңдаған градусқа дейін көтеріледі
Д) метеориттердің жылдамдығы үлкен болғандықтан
Е) Метеориттер жанып кетпейді, олар атмосфераға кірген кезде шашырайды.
14. Ауысым мерзімінің халықаралық сызығы – бұл:
*А) 180 меридианы
В) Гривинч меридианы
С) 90Меридианы
Д) 90 параллелі
Е) Экваторы
15. Аспанның нақты шекарасы анықталған белгілі бір бөлігі -
А) аспан сферасы
В) жұлдыздар
*С) шоқжұлдыз
Д) күн жүйесі
Е) аспан денелері
16. жерден бақылаған аспан денесінің бұрыштық диаметрі 4есе артты. Себебі дене мен Жер арасындағы қашықтық:
А) 4 есе артты
*В) 4 есе кеміді
С) 2 есе артты
Д) 2 есе кеміді
Е) 8 есе кеміді
17. Егер жердің массасын өзгертпей, диаметрін екі есе кемітетін болсақ, онда жердің адамға әсер етуші күші
*А) 4есе артады
В) 2 есе артады
С) Өзгермейді
Д) 2 есе кемиді
Е) 4 есе кемиді
18. ғарыш кеңістігіндегі жекеленген денелерде немесе денелер жүйесінде болып жатқан құбылыстарды зерттейтін ғылым атауы:
А) физика
В) химия
*С) астрономия
Д) биофизика
Е) геология
19. Төмендегі дәлелдеменің гелиоцентрлік теорияда мүмкін емесі:
А) күн шар тәріздес формада болады
В) жер шар тәрізді формада болады
*С) планеталар күнді айнала қозғалады
Д) планеталар жерді айнала қозғалады
Е) жер өз өсімен айналады
20. Барлық тұжырымдамалардың геоцентрлік жүйеге қатысы жоғы:
А) жер осы жүйенің ортасында немесе оған жақын орналасқан
В) планеталар жерді айнала қозғалады
С) күннің тәуліктік қозғалысы жер айналасында болады
*Д) ай Күнді айнала қозғалады
Е) жұлдыздың тәуліктік қозғалысы жер айналасында болады
21. Аспан денелері қозғалысын бақылауға арналған орын аталуы:
А) консерватория
*В) обсерватория
С) амбулатория
Д) лаборатория
Е) акватория
22. Ай бетінде сақина таулар - кратерлер пайда болу себебі:
*А) атмосферасы жоқ Айда метеориттер ай бетіне соғылып жарылады да, Ай топырағын жан - жаққа шашыратады.
В) вулканның әсерінен
С) айдағы процестердің нәтижесінен
Д) кратерлер - ғылыми зерттеулердің нәтижесі
Е) цивилизацияның ізі
23. Аспан денесіне қарағанда көру бағытына перпендикуляр орналасқан жер радиусы көрінетін бұрыш -
А) параллакс
*В) көкжиектік параллакс
С) вертикальді параллакс
Д) базис
Е) параллакстық ығысу
24. Астрономияның бөлімдерін көрсетіңдер:
1) Косманавтика 3) Космогония
2) Астрология 4) Космология
А) 2, 4
*В) 1, 3, 4,
С) 1, 2
Д) 2, 3, 4
Е) 3, 4
Астрономия тест тапсырмалары. жүктеу